іс шара » Екіаша орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі" ММ
"Екіаша орта мектебі" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(701) 138-33-88
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
октябрь
2019

іс шара

Екіаша орта мектебі
«Отбасы-бақыт мекені» атты республикалық апталықтың қорытындысы

Отбасы – болашақ жеке тұлғаның негізі қаланатын қоғамның бастауыш құрылым бірлігі, баланың алғашқы ұжымы, оның табиғи даму ортасы. Отбасы тәрбиесі адамдар арасындағы оңтайлы және эмоцияналды көңіл-күй қарым-қатынасы арқылы адамгершілік, рухани және гуманитарлық құндылықтарға басымдық беруде әлеуметтік-тарихи тәжірибені таратудың анықтаушы құрамдас бөлігі болып саналады. Отбасылық өмір даналыққа және өркендеуге апаратын бастау болуы керек.
Президент тарапынан қойылған міндеттерді шешу отбасындағы ізгілік тәрбиесін дамытуда көп ғасырлық халық педагогикасына және балаларды жалпыадамзаттық құндылықтарға оқытудың әлемдік тәжірибесіне негізделген, ҚР білім беру жүйесінде лайықты орын алған. Осындай мақсатты бағыт тұтқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы балалар мен жастарға рухани-адамгершілік білім беру, қоғамда жоғары рухани-адамгершілік игіліктерді нығайтудың, кемел мінез бен адамгершілік қасиеттерге ие лайықты азаматтарды тәрбиелеудің тірегі.
Осындай мақсатқа сүйеніп жасалған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізінде 2019-2020 оқу жылында Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде «Отбасы – бақыт мекені» атты республикалық апталық бойынша мектебімізде бірнеше жоспарланған іс-шара өтті.
Отбасы күнін өткізудің басты мақсаты – отбасы мәселесінің маңыздылығына, отбасы құндылығына және дәстүрлеріне қоғамның назарын аудару. Отбасы мерекесі – бұл үлкендер мен балалардың арасындағы достық, махаббат, түсіністік және өзара көмек көрсету, бір туғандар жүрегінің бірігу мерекесі.
Апталықтың негізгі бағыттары: Отбасы құндылықтары мен отбасы тәрбиесін дәріптеу; Отбасының психологиялық саулығын сақтауға бағытталған профилактикалық және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру негізінде мектептегі 1-11 сынып аралығында жоспарға сай іс-шаралар өткізілді. Іс-шара жоғарғы деңгейде өтіп, балалар мен ата-аналардың көңілінен шықты.
6.09. «Отбасы –бақыт мекені» кітапханада көрме ұйымдастырылса, 2-11 сыныптар арасында «Менің отбасым» сурет байқауы өтті. Нәтижесінде 1-4 сыныптар арасында І орын 3 «А» сынып оқушысы Танысбай Айханым және 2 «Б» сынып оқушысы Өндіріс Сұңқар иеленсе, ІІ орын 3 «А» сынып оқушылары Құрмаш Сумайя мен Ахматқазы Бекасыл иеленді. ІІІ орынды 2 «А» сынып оқушысы Сабетай Самира мен 3 «Б» сынып оқушысы Таңатар Бибарыс иеленді. 5-7 сыныптар арасында Бас жүлде Манат Айзат, І орын Тлеуберді Бауыржан мен Сбаева Диана, ІІ орын Серікбайқызы Жадыра, Қанат Нұрай иеленсе, ІІІ орын Асалбек Ясын және Төлегенов Айдар иеленді. 8-11 сыныптар арасында «Бас жүлде» Әділбек Сая иеленді,І орын Тоқтағазиева Айша және Ахметқазы Меруерт, ІІ орын Батценгел Рапия және Серікбайқызы Жұлдыз, ІІІ орын Ақперұлы Данабек және Нұрланұлы Ғали иеленді.
9.09. күні «Отбасының керемет дәстүрлері» атты тақырыпта кездесу
ұйымдастырылып өтті. 2-11 сыныптар арасында «Отбасы – тәрбие бастауы»
сынып сағаты өткізілді.
10.09. «Бақытты шаңырақ-бақытты ел» тәрбие сағаты 5-10 сыныптар арасында өткізілсе, «Менің отбасым- менің қуанышым»1-4 сыныптар арасында өткізілді.
11.09 күні «Отбасы құндылығы- сарқылмас қазына» атты тақырыпта 2-7 сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті. 1-4 сыныптар арасында І орын Джонкабаев Аманжол, ІІ орын Оразғали Камшат, Әділжан Дайана, Сабетай Самира иеленді. ІІІ орынды Сулеймен Нұрлыайым иеленді.5-7 сыныптар арасында «Бас жүлде» Ақылбек Мерей, І орын Рысбек Балнұ, ІІ орын Оразғали Бибигүл, ІІІ Асалбек Ясын иеленсе, «Жас ақын» номинациясымен Әділбек Ерден және Айтмухамбет Динара иленді. Сонымен қатар «Отбасым-менің қуатым» спорттық жарыстар өткізілді
12.09. күні «Отбасы- аялы алақан мекені» танымдық сайыс, және мектеп психологтары ұйымдастырған «Аяулы алақан» тренинг-жаттығу өткізілді.
13.09. Қазақ тілі пәнінің мұғалімдерінің ұйымдасытырумен «Отбасы-отанымыздың ошағы» атты тақырыпыта 8-11 сыныптар арасында эссе байқауы өтті. 8 сыныптар арасында І орын Уралбек Камила, Бекен Балжан, ІІ орын Нұсіпхан Даниял, ІІІ орын Әбеухан Алима, Саматқызы Зере иеленді. 10-11 сыныптар арасында І орын Молдағазиева Зере және Тасыбек Гүлзат иеленсе, ІІ орын Досан Балым, Сулеймен Ақерке, Қазытай Назым, ІІІ орын Мұхаметжан Ұлпан Жекен Толғанай иеленді.
Және «Менің отбасым-менің қуанышым» 6-8 сыныптар арасында дөңгелек үстел өтті.

Похожие публикации:

21 октябрь 2019 Ақпарат
21 октябрь 2019 Ақпарат
25 апрель 2019 Жыл мұғалімі-2019
08 февраль 2018 Қамқоршылық кеңес
24 октябрь 2017 Рухани жаңғыру
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив