28
октябрь
2025
Мұғалім жетістіктері
Аудандық деңгейде өткен «Мен сабақты қызықты етемін» байқауында педагогтеріміз жоғары кәсіби шеберліктерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтқанда, орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Нусупов Бауыржан Несипкулович байқау қорытындысы бойынша III орынды иеленсе, биология пәнінің мұғалімі Ибраева Асель Ертулеувна өз іс-тәжірибесі мен шығармашылық ізденісінің нәтижесінде II орынға лайық деп танылды.
Әріптестерімізді жетістіктерімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, кәсіби өсу және алдағы байқауларда толағай жеңістер тілейміз!