Қамқоршылық кеңес » Екіаша орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі" ММ
"Екіаша орта мектебі" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(701) 138-33-88
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
февраль
2018

Қамқоршылық кеңес

Қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы №3
19.01.2018 жыл Екіаша орта мектебі КММ

Қатысқандар:
1.С.Жаканаев – қамқоршылық кеңес төрағасы
2.А.Байғанышева –қамқоршылық кеңес хатшысы
3.Б.Шалова –қамқоршылық кеңес мүшесі
4.Ж.Кусаинова –қамқоршылық кеңес мүшесі
5.А.Алимбаев- қамқоршылық кеңес мүшесі
6.Ч.Каирбеков- қамқоршылық кеңес мүшесі
7.Б.Кабдолданова- қамқоршылық кеңес мүшесі
8.А.Абдульдинова- қамқоршылық кеңес мүшесі
9.М.Дуанов- қамқоршылық кеңес мүшесі
10.А.Танирбергенова- қамқоршылық кеңес мүшесі
11.Н.Беисова – мектеп директоры


Күн тәртібінде: 
1.Мектептің оқу-тәрбие жұмысының І жарты жылдық есебі –Н.Беисова
2.Бюджеттен тыс шағын кәсіпкерлерді тарту, оларды пайдалану жолдарын қарастыру- С.Жаканаев
3.Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруға көмек көрсету- Б.Шалова

Тыңдалды:
1.Мектеп директоры Н.Беисова Мектептің оқу-тәрбие жұмысының
І жарты жылдық есебімен таныстырды.
Мектептің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады: Жалпыға
міндетті білім беру стандартының міндетті мөлшерін игеру негізінде білім алушылардың жалпы мәдениет тұлғасын қалыптастыру. Олардың қоғамдағы өмірге бейімделуі. Саналы түрде таңдау мен кейінгі кәсіби білім бағдарламаларды игеру үшін негіз құру. Оқу үрдісінің ұйымдастырылуы келесі нормативтік –ақпараттық құжаттармен жұмыс жүргізілетіндігі жайлы айтылды. Негізінен осы нормативтік-құжаттарды басшылыққа алатынын айтып өтті.
-ҚР «Білім туралы» Заңы
-ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
-ҚР «Тіл туралы» Заңы
-2017-2018 оқу жылында ҚР жалпы орта білім беру оқу мекемелерінде ғылым негіздері оқытылуының ерекшеліктері туралы» нұсқаулық-әдістемелік хаты.
-Мектеп жарғысы
-Жұмыстың жеке тараптарын реттейтін актілер, ережелер
-Жылдық жұмыс жоспары
-Штаттық кесте
-Әр мұғалім ӘБ бекіткен жоспар бойынша жұмыс істецді.
Мектеп әкімшілігі тарапынан оқу жылы барысында келесі жоспар бойынша мектепішілік бақылау іске асарылады;
-Құжаттардың жүргізілуіне бақылау;
-ББД сапасына бақылау;
-Пәндердің берілу оқытудың деңгейіне бақылау;
-Оқу бағдарламасының орындалу көлеміне бақылау;
-Оқушылардың сабаққа қатысуына бақылау;
-Үйде оқытудың және жалпыға бірдей білім беру жүргізілуіне
бақылау.Мектепішілік бақылау жоспары қажеттілігіне қарай толықтырылып отырады. Бақылау қорытындысы педагогикалық кеңестерде, кіші педкеңесте, директор жанындағы отырыстарда, әдістемелік кеңестерде, мектеп директорының бұйрықтарыңда қарастырылады. Екіаша орта мектебінде 2017-2018 оқу жылының І жарты жылдығында1-11 сынып бойынша 29 сынып комплексі,2 мектепалды даярлық тобы бар.Оқыту-тәрбиелеу үрдісінде мектеп нормативтік-құқықтық құжаттарды басшылыққа алды. Биылғы оқу жылын 435 оқушымен басталды. 1-4 сыныпта -182,88 қызбала 5-9 сыныпта-202,104 қыз бала,10-11 сыныпта -51 оқушы, 27 қыз бала. Барлығы 219 қыз бала болса, 214 ұл бала. Түзету-дамыту сыныбында 5 оқушы, үйден оқытылатын оқушылар-3. Мектеп жасындағы оқушыларды жалпыға міндетті оқуға тарту айлығы жылына 2 рет өтеді. Біздің мектепте қарасты шағын ауданда -30 ықшам ауданы бар, ол ауыл әкімінің шешімімен бекітілген. Мөлтек аудан бойынша 2017 жыл қыркүйек айындағы айлық қорытындысы төмендегідей:
0-18 жасқа дейінгілер -697, оның ішінде 0-6 жасқа дейінгілер-221, 6 жас-12 оқушы мектепте даярлық тобында, денсаулығына байланысты оқымайтын оқушы жоқ. Оның ішінде:
Екіаша орта мектебінде-435,
18 жасқа толмаған-10
Колледжде оқитындар-31
Мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және бақылау мен басшылыққа алу мақсатында әдістемелік кеңес құрамы 7 пән бірлестігінен құрылып, бірлестік жетекшілері, шығармашылық топ мүшелері, тәлімгерлер тағайындалды. Жас мамандар мен тәлімгерлер жұмысын онды ұйымдастыру мақсатында оқыту семинары ұйымдастырылды. 26-27 қазан күні мектепішілік олимпиада өткізілді. Мектепішілік олимпиада жеңімпаздары төмендегідей анықталып осы оқушылар мектеп намысын аудан көлемінде де абыроймен ақтап шықты. І орын 3, ІІ орын-16, ІІІ орын-18.7 маман курстан өтті. Аудандық Кіші ғылым академиясына 5 оқушы қатысты. Оның І орын-3, ІІ орын-1, ІІІ орын-1. Аудандық «Дарын» жоба байқауына 9 оқушы қатысып, І орын-4, ІІ орын-4, ІІІ орын-1. Облыстық «Дарын»жоба байқауының нәтижесі ІІІ орын-2. Аудандық «Зерде» жұмысы бойынша І орын -6, ІІ орын 1, ІІІ орын-3. Спорт бойынша аудандық оқушылар жетістіктері І орын-2, ІІ орын-2,ІІІ орын-6, ІҮ орын-2. Халықаралық «Жас ғалым» ғылыми жұмыстар байқауының қорытындысы І орын-5, ІІ орын-9, ІІІ орын-10.
Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасында нақтыланған 8 бағыт жұмыстар жүргізілді. Оқушыларды мектепке тартылып, сынып жетекшілермен бірлесе отырып оқушыларды техника қауіпсіздігімен таныстырып, сабаққа келмеген оқушыларды анықтау, қадағалау, оқушылардың әлеуметтік, отбасылық жағдайы тексеріліп анықталды. «Армысың, алтын ұя мектебім!», «Мәңгілік ел-мәртебелі тіл», «Қарттарға деген қамқорлық, ертеңге деген ізгілік», «Ұстаз күні», «Алтын күз», «Мейірімділік», «Барлық әлем мен үшін», «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ парызымыз», «Тәуелсіздік», «Жаңа жыл» мерекелері ұйымдастырылып, өз дәрежесінде өтті.
Мектептегі психологиялық қызметке дұрыс әлеуметтік сұранысты қалыптастыру мақсатындағы міндет-педагогикалық ұжымды,оқушыларды және ата-аналарды психологиялық ағарту арқылы сұраныс иелерін психолог жұмысының түрлерімен, бағыттарымен құықтары және міндеттерімен таныстыру арқылы, бүкіл педагогикалық ұжымды психологиялық қызметтің жұмыс стратегияларын жасауға қатыстыру болып табылады.Психологиялық жұмыстың нәтижелігін тек мынадай жағдайда көруге болады: психолог пен педагогикалық ұжымның білім беру жүйесіндегі оқыту-тәрбие жұмысындағы кәсіби қарым-қатынас біртұтас болса, бала тәрбиесіндегі психологтың көзқарасы мен ұстаздың балаға деген көзқарастары бірін-бірі толықтырып отырса, ата-анамен,байланыста болса жұмыс өз нәтижесін береді.
Әлеуметтік педагогтың жұмысының мақсаты- мектеп оқушыларымен, ата-аналарымен әлеуметтік педагогикалық жұмыстар жүргізу және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын, көпбалалы отбасы балаларын, жартылай жетім және оралман оқушылармен әлеуметтік қолдау жұмыстарын жүргізу. Осындай мақсатта мектебіміздің әлеуметтік педагогы өз жұмысын тиімді атқарып келеді.
Оқу жылы басында логопед кабинетін безендіру жұмыстары өткізілді: әдістемелік материалдармен, құралдармен, құжаттары толықтырылып, сабақ жоспарлары құрылды. І жарты жылдыққа құрылған сабақ кестесімен логопедиялық сабақтар жүйелі түрде жүргізіліп отырады. Ата-аналарға кеңестер беріліп отырады.
АӘД пәнінің оқу жоспары қарастырылып, бекітілді. Сабақтар мектептің сабақ кестесі бойынша жүргізіледі. Әскери тіркеуге алынатын жастармен іріктеу жұмыстары жасалынып,тізімдер бойынша аудандық қорғаныс істер бөліміне тапсырылды. 10-11 сыныптармен әскери оқу орындарына түсуге үгіт насихат жұмыстары жүргізіледі. Әскери оқу орындарына түскен түлектермен кездесу өтті. Үнемі жоғары оқу орындарымен байланыс ұйымдастырып тұрады. Мектептегі техника қауіпсіздігін және еңбек күзетін қамтамасыз етіліп отырады. Азаматтық қорғаныс жөніндегі семинарлар ұйымдастырып, сейсможаттығуларды уақытылы жүргізеді;

Биылғы оқу жылының басында кітапханаға 460 оқырман тіркелген. Және осы уақыт аралығында оқырмандар 3408 рет кітапханаға келді. 3428 дана кітап берілді. Оның ішінде электронды оқулық -280. Жаңадан тіркелген оқырмандар кітапхана ережелерімен таныстырылып отырады. Оқырмандармен кітапханаға алғаш келген күннен бастап оқыған кітаптарының қысқаша мазмұнын сұрап есте сақтау қабілеттеріне, оқу жылдамдықтарына көңіл бөлінеді және жас ерекшеліктеріне байланысты кітап таңдауларына көмек көрсетіліп, әңгіме жүргізіледі. 1-11 сыныптар арасында оқушылар 100 пайыз оқулықпен қамтамасыз етілді.
Оқушылардың жеке бас гигиенасы және мектеп формасы талапқа сай. Оқушыларды тексеріс барысында түрлі тері аурулары анықталмады, мектептегі барлық мұғалімдер мен шаруашылық қызметкерлер медициналық бақылаудан өткен. Медициналық кітапшада жұмысқа жіберу рұқсаттары бар. Оқушылар арасында әр түрлі диагнозбен жаңа оқу жылында 46 оқушы «Диспансерлік» тіркеуде тұрады. «Д» тіркеуде тұратын оқушылар ауылдық емхана дәрігердің бақылауында болып, тиісті тексерулерден өтіп, уақытылы деліп отырады.
Оқу жылы басталысымен мектеп мүлкі түгенделіп инвентаризация жүргізілді. Мектеп іші таза, жарық. Барлық санитарлық талаптарды орындайды. 2017-2018 оқу жылына 50025 литр жанар жағармай әкелінді. жылу температурасы нормаға сай.

2.Тыңдалды:
Қамқоршылық кеңес төрағасы С. Жаканаев: Бюджеттен тыс шағын кәсіпкерлерді тарту, оларды пайдалану жолдарын қарастыру барысында І жарты жылдықта бюджеттен тыс түскен қаржы көлемін қамқоршылық кеңеске айтты.. Және кәсіпкерлерді демеушілікке тартудың бірнеше жолдарын атап көрсетті.

3.Тыңдалды:
Қамқоршылық кеңес мүшесі Б.Шалова: Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруға көмек көрсету.
Жаз–аяқталған оқу жылымен алдағы оқу жылының арасындағы алтын көпір секілді. Жазғы демалыс жүйесінің тәрбиелік маңызы сонда–ол оқушылардың бос уақытын әсерлі,тартымды етіп өткізіп, педагогикалық жағынан мақсатты болуына жағдай жасайды, олардың денсаулығын нығайтады, жаңашылдыққа ұмтылған қажеттілігін қанағаттандырады, шығармашылық жағынан өзін-өзі танытады, еңбек, таным ,өнер, мәдениет, ойын және жеке тұлғаның қоғамдағы өз орнына нықтайтын басқа да салалар бойынша әртүрлі мазмұндағы қарым-қатынасты қалыптастырады. Жазғы демалыс–бұл тек әлеуметтік қорғау ғана емес,балалардың шығармашылық дамуына мол мүмкіндік,олардың ақыл-ойымен рухани әлемінің баюы, адамдармен араласып, танысу қуанышы, жаңа идеялардың оянып,шығармашылыққа білетінін ашылуы. Мектептегі жазғы лагерь жұмысының барлық бағыттары–дене шынықтыру-сауықтыру жағы болсын, туристік-экологиялық жағы болсын, еңбекке баулу болсын, қай-қайсысы да танымдық сипатқа ие.
Баланың жазғы демалысы көңілді өтуінің маңызы өте зор екеніне ешкім де таласа қоймасы анық. Сергек, жағымды әсерлі көңіл күй–жазғы уақытта балалармен жұмыс жасаудың басты шарттарының бірі. Жаз кезінде балаға оқу жылындағыдай міндеттер мен нормалар, тапсырмалар жүктеліп,шектеулер мен тыйымдар салынып, ауыр жүк артылмауы керек. Осындай мақсатта оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруға демеушілерді тарту, «Қамқорлық» акция барысында «Қайырымдылық іс-жасайық» атты жәрмеңке барысында түскен қаржыны әлеуметтік жағдайына байланысты оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруға деген ұсыныс ұсынылды.
Шешім қабылданды:
1.Мектептің оқу-тәрбие жұмысының І жарты жылдық есебі қанағаттанарлық деп бағалансын
2.Бюджеттен тыс қаржы жинауға, шағын кәсіпкерлерді демеушілікке тарту
3.«Қамқорлық» акциясы барысында ұйымдастырылған жәрмеңкеден түскен қаражатты әлеуметтік жағдайына байланысты оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруға жұмсалынсын және оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруға демеушілерді тарту жұмыстары жүргізілсін.



Қамқоршылық кеңес төрағасы С.Жаканаев

Қамқоршылық кеңес хатшысы А.Байғанышева










Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив