Ақпарат » Екіаша орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі" ММ
"Екіаша орта мектебі" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(701) 138-33-88
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
октябрь
2019

Ақпарат

Екіаша орта мектебі
«Қауіпсіз мектеп» республикалық онкүндік барысы туралы ақпарат

Онкүндіктің мақсаты- білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Осындай мақсаттан мектебімізде 16-26 қыркүйек аралығында республикалық акция ұйымдастырылып өткізілді. Оқушылардың қауіпсіздігінің маңыздылығын ескеріп, мектебімізде бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар мектепке бөгде тұлғалардың білім ордасының аумағына еркін енуіне тосқауыл қойылды. «Қауіпсіз мектеп» акциясы барысында мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыбында құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің қатысуымен оқушы, ата-аналар арасында жиналыстар өткізіліп, түсіндірме жұмыстар жүргізілді. Ата-ана, оқушыларға, мектепте, үйде, есік алдында, суда, жолда көліктегі қауіпсіздік ережелері туралы, сонымен қатар алғашқы көмек көрсетудің тәсілдері және шұғыл қызметтер бойынша айтылды.
Қазіргі уақытта оқушылардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп инспекторлары қызмет атқарады. Мектеп инспекторлары мен сынып жетекшілер бірлесе өткізген «Абайлаңыздар балалар!» атты сынып сағат барысында жолда жүру ережесі, көлік жүргізушісінің қауіпсіздік белдігін тағуы және автокөлік салонында балаларды тасымалдау барысында балаларды ұстап тұратын құрылғының болуы, сонымен қатар балалар мен ересектердің көлік қозғалысына баса назар аударуын қалыптастыру екендігін айтты. Мектеп инспекторлары оқушыларға бөгде адамдармен қарым-қатынас жасауға болмайды деп қатаң ескертіп айтты. Жоғары сынып оқушыларымен мектеп инспекторлары Д.Абеуов пен Ж. Шаров «Оқушылардың арасында құқық бұзушылықтың профилактикасы бойынша» тақырыпта дәріс оқыды.
Мұның бәрі балалар қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан шаралар. Ел болашағының баянды болуы бүгінгі игі істерден басталмақ. Ұрпақ саулығы-ұлт келешегі. Балалар қауіпсіздігі әрқашан басты назарда болуы тиіс.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив