14
март
2018
«Өмірге ия деп айт!» республикалық ақпараттық акциясының іс-шаралары туралы мәлімет
Екіаша орта мектебі КММ
«Өмірге ия деп айт!»
республикалық ақпараттық
акциясының іс-шаралары туралы мәлімет
Психолог: А.Сабикенова
2017-2018оқу жы
Екіаша орта мектебінде «Өмірге ия деп айт ! » республикалық ақпараттық акциясы атты хабарлама аясында науқан бойынша «Өмір тамаша!» Босқа қауіпке жол берме ұранымен өткізілетін айлық жұмыс жасалып 10ақпан-10 наурыз аралығында төмендегідей іс- шаралар өткізілді. Екіаша орта мектебінде осы жоспар барысын таныстыру мақсатында 10 ақпан сынып жетекшілерге ауданнан келген хатпен таныстырылып, арнайы жоспар барысы, мақсаты, негігі идеясы түсіндірілді. Осы іс-шара жұмысын өткізу, ұйымдастыру жұмыстарына бұйрық шығарылды. Бұйрықтың орындалуы бойынша арнайы айлық жоспар жасалды.
Мақсаты: баланы оның денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың, насихатпен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға қоғамның назарын аудару болып табылады.
Күтілетін нәтиже: оқушылар өмір ұғымын түсіне отырып, өмірде кездесетін жағдайларды саралап , қабылдай біледі, сонымен қатар бұқаралық ақпараттық құралдарының балаға әлеуметтік желілерден елетін зиянды ақпараттардың теріс ықпалынан қорғау мәселелерінде ынтымақтастықты дамытуға себеп болады, оқушылар өздері пайдаланып жүрген әлеуметтік және интернет желілерді пайдалануы бойынша зияны мен мүмкіндіктерін де танып біледі, жалпы өздерінде бар түсініктерін толықтыруға мүмкіндіктер алады.
Мектебімізде өткізілген Республикалық науқан барысында, баланың оның денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға қоғамның назарын аудару мақсатында мектептерде арнайы берілген жоспар бойынша іс – шаралар ұйымдастырылып, жоспарға сәйкес ата – аналар жиналысы, тренингтер, профилактикалық алдын – алу жұмыстары, сурет көрмелері атқарылды. Науқан барысында 5-11 сынып оқушыларының ата-аналарына «Әлеуметтік желінің, интернет ойындарының балаға зиян тараптары» түсіндіріліп, жиналыстар ұйымдастырылды.
2018 жылдың 22 ақпан күні 6-10 сынып оқушылары арасында «Өмір тамаша! Босқа қауіпке жол берме!» флеш-моб байқауы ұйымдастырылды.
Жасөспірімдердің интернеттегі әлеуметтік желінің зиянын түсіндіре отырып жасөспірімдер арасында «Біз ғаламторға қарсымыз», «Қауіпсіз интернет» сурет байқауы өткізіліп жатқандығын түсіндіре келе ата-аналарға «Ата-аналар үшін жадынама» таратылды.
5-10 сынып оқушылары арасында олардың өмір, отан, сынып ұйымшылдығы сияқты құндылықтарын арттыру мақсатында «Өмір қымбатсың маған!», «Отаным – бақыт мекені!», «Біздің сынып ұйымшыл!» тақырыптарында қабырға газеттерін шығару байқауы, «Салауаттылық – өмір салты!», «Болашағың өз қолыңда!», «Жетістікке жетудің қыры мен сыры!» тақырыбында мектеп оқушыларына тренинг сабақтар, «Өз өмірім – өзіме құнды!» ерекше назарды қажет ететін оқушыларға арналған тренинг сабақтар, «Өмір қымбатсың маған!» тақырыбында ашық сабақтар, «Кең пейілділік пен жомарттық» тақырыбында ашық сабақтар, «Әдептілік – адамгершілік бастауы» тақырыбында ашық сабақ, «Мен және менің отбасым!» тақырыбына шығарма жазу байқауы, сонымен қатар мектептің тәрбие ісі орынбасары, әлеуметтік педагогтар мен педагог-психологтар 5-11 сынып оқушыларына қазіргі кездегі әлеуметтік желі мен интернет ойындарының адам өміріне тигізетін әсері туралы пікірталас жүргізіп, олардың келтіріп жатқан зиянды жақтары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Осыған орай мектебімізде өткізілген «Өмірге иә деп айт» науқаннан ата – аналар, оқушылар жақсы деңгейде әсер алып, балаларына ненің зиян екендігі, қалай көмек беруге болатындығы туралы қосымша кеңестер алды. «Еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін тәрбиелі ұрпақтың орны мүлде бөлек»-деп ел басымыз айтқандай біздің жарқын болашағымыз осы жастардың қолында.Оқушыларға достық қарым-қатынасты бағалау,бір-біріне мейірімді болу. Әрдайым сынып жетекшісімен және ата-аналарының кеңестеріне құлақ салу,бір-біріне түсіністікпен қарау керек екендігі туралы науқан барысында мектеп педагог – психологы А.Сабикенова, сынып жетекшілері, мен мұғалімдері түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бала қызығушылығына қолдау көрсетуде ата-анаға сынып жетекшілері, орынды кеңес бере білудің маңызы зор екендігін жете түсінді. Мектеп мұғалімдері мен ата – аналар, оқушылар өз ойларын салауатты өмір салтын ұстану – әр азаматтың басты парызы мен міндеті «Өмірге әрдайым ИӘ деп айт!» деген сөзбен ойларын түйіндеді.