1-Қыркүйек -Білім күні
01.09.2024жыл күні мектебімізде білім күніне арналған «Мектебім -мейірім мекені» салтанатты жиын өтті. «Мектебім -мейірім мекені» салтанатты жиын мектеп алдында өтті. Мектеп алды шарлармен, жалаушалармен, гүлдермен, банермен безендірілді. Білім күнін өткізуге арналған арнайы сценарий құрылып, мереке осы сценарий арқылы өтілді. Салтанатты жиынның басты мақсаты: жаңа оқу жылының салтанатты ашылуын ұйымдастыру және білім алушылардың білім алуға ұмтылысын, патриотизм, еңбекқорлық, жауапкершілік пен өзара сыйластық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін мерекелік және шабыттандыратын атмосфера құру.
Алғашқы қоңырау мерекесі 1-сынып бүлдіршіндері салтанатты түрде ортаға шақыруымен басталды. Мерекелік іс -шараны мектеп директоры Тыныбаева Раушан Ниязбекқызы мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерді,оқушылар мен ата-аналарды құттықтау сөзімен бастады. Келесі құттықтау сөзді аудандық әдістемелік орталығының бөлім басшысы Мыктыбекова Самал Шайкыслановнаға және учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Баймолдинов Берик Турганбаевичке берілді. Салтанатты жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық«Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзінде: Ұлтымыздың бірегейлігі бұл – оның табысты болуы деген сөз. Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек. Ұлттың жаңа болмысы білім, ғылым және мәдениет саласын дамыту арқылы қалыптасады. Біз ұрпақ тәрбиесіне баса мән беріп, жастарды жақсылыққа жетелеуіміз керек. Мемлекеттің ең басты байлығы – адам, яғни азаматтар. Әрбір ата-ана саналы ұрпақ өсіруге баса мән беруге тиіс. Сол сияқты мектеп те – білімнің ғана емес, тәлім-тәрбиенің ордасы. Баланың бойына біліммен қатар адамгершілік құндылықтарды сіңіру – ұстаздардың міндеті. Осыған орай балабақшадағы және мектептегі тәрбие ісіне бәріміз қоғам болып мән беруіміз керек,сондай-ақ белсене атсалысуымыз қажет деп Мемлекет басшысы ата-аналар мен ұстаздар алдына үлкен жауапкершілікті қойып отырғаны айтылды.
Биылғы оқу жылында 335 оқушы. Соның ішінде 1 сыныпқа -33 оқушы қабылданды. 11 сынып оқушылары мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерді алғашқы Білім күнімен құттықтады. 1 сынып оқушылары салтанатты жиынға арналған өнерлерін көрсетті. Алғашқы қоңырау соғу құрметін 1-сынып оқушыларына және сынып жетекшілеріне берілді. Қоңыраудан соң барлық сынып оқушылары өз оқу кабинеттерімен танысты. 1-ші сынып оқушылары «ПОЛИЦИЯ ЖӘНЕ БАЛАЛАР» қауіпсіздіктің негізгі ережелері бойынша танысып, берілген суреттерді бояды. Аудандық әдістемелік орталығының бөлім басшысы Мыктыбекова Самал Шайкыслановна мектеп ұжымымен жиналыс өткізді.
1-қыркүйек – Білім күніне арналған іс -шаралар толығымен атқарылды және өз мәресіне жетті.



