Қамқоршылық кеңес » Екіаша орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі" ММ
"Екіаша орта мектебі" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(701) 138-33-88
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Қамқоршылық кеңес
09
ноябрь
2019

Қамқоршылық кеңес

Қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы №3

10.01.2019 жыл Екіаша орта мектебі

Қатысқандар:
1. А.Абдульдинова қамқоршылық кеңес төрағасы
2. М.Дуанов- қамқоршылық кеңес мүшесі
3. Ж. Хусайнова– қамқоршылық кеңес мүшесі
4. Қ.Абдугалиева–қамқоршылық кеңес мүшесі
5. С.Есполова –қамқоршылық кеңес мүшесі
6. А.Алимбаев- қамқоршылық кеңес мүшесі
7. М.Мақатаев - қамқоршылық кеңес мүшесі
8. С.Косаева- қамқоршылық кеңес мүшесі
9. Қ.Абдульдаев– қамқоршылық кеңес мүшесі
10. Н.Беисова -мектеп директоры

Күн тәртібінде:
1. Мектептің оқу-тәрбие жұмысының І жарты жылдық есебі –Н.Беисова

Тыңдалды:
1. Мектеп директоры Н.Беисова Мектептің оқу-тәрбие жұмысының
І жарты жылдық есебімен таныстырды.
Мектептің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
• Қазақстан Республикасының орта білім мемлекеттік стандартының жүзеге асыруына ықпал жасау;
• Жеке тұлғалардың жан-жақты дамуына ықпал ететін жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізу,
• Әрбір мұғалімнің жұмысы туралы мәліметтердің әдістемелік- ақпараттық орталығын құру (есепке алу, сараптау, талдау , бағалау)
Оқу үрдісінің ұйымдастырылуы келесі нормативтің-ақпараттық құжаттармен жұмыс жүргізіледі:
-ҚР «Білім туралы» Заңы.
-Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.
-ҚР «Тіл туралы» Заңы.
-«2018-2019 оқу жылында ҚР жалпы орта білім беру оқу мекемелерінде ғылым негіздері оқытылуының ерекшеліктері туралы» нұсқаулық-әдістемелік хаты.
-Мектеп жарғысы.
-Жұмыстың жеке тараптарын реттейтін актілер, ережелер (ҰБТ, ОЖСБ, ішкі еңбек тәртіп ережелері).
-Жылдық жұмыс жоспары.
-Штаттық кесте.
Әр мұғалім ӘБ бекіткен жоспар бойынша жұмыс істейді.
Мектеп әкімшілігі тарапынан оқу жылы барысында келесі жоспар бойынша мектепішілік бақылау іске асырылады:
- Құжаттардың жүргізілуіне бақылау;
- ББД сапасына бақылау;
- Пәндердің берілу оқытудың деңгейіне бақылау;
- Оқу бағдарламасының орындалу көлеміне бақылау;
- Оқушылардың сабаққа қатысуына бақылау;
- Үйде оқытудың және жалпыға бірдей білім беру жүргізілуіне бақылау;
Бақылау тексеру формасында, сонымен қатар әдістемелік көмек көрсету формасында жүргізілді. Мектепішілік бақылау жоспары қажеттілігіне қарай толықтырылып отырады. Бақылау қорытындысы педагогикалық кеңестерде, кіші педкеңестерде, директор жанындағы отырыстарда, әдістемелік кеңестерде, мектеп директорының бұйрықтарында қарастырылды.
Екіаша орта мектебінде 2018 – 2019 оқу жылында 29 сынып комплектісі болды. Оқыту Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің бұйрықтары мен нұсқауларына сәйкес бекітілген оқулықтар тізімі негізінде сыныптар «Атамұра», «Мектеп», «Арман ПВ, «Білім», «Келешек» баспасы оқулықтарымен және оқулықтарға сәйкес бағдарламамен, әдістемелік нұсқаулықтармен оқыту қызметі атқарды. Оқыту – тәрбиелеу үрдісінде мектеп нормативтік – құқықтық құжаттарды басшылыққа алды. Барлық сыныптарда оқыту бағдарламалары орындалды, мектеп мамандармен толық қамтамасыз етілген.
Мектепішілік бақылау жоспары орындалады. Әрбір тексерілген жұмыстарға анықтамалар жазылып, шешімдер қабылданып отырады.
10-11 сынып оқушылары 2 бағытта оқиды. Жаратылыстану-математикалық бағытта 10а, 11а, 11в сыныптары, қоғамдық-гуманитарлық бағытта 10б, 11б сыныптары дәріс алады. Мектепте 11 сыныпта 26 оқушы оқиды. Мектепте 3 интерактивті тақта , биология кабинеті 2011 жылы, физика кабинеті 2015 жылы орнатылған. 2 компьютер кабинеті, онда 27 компьютер жұмыс жасайды. 1 мультимедиалық кабинет бар. Онда 17 компьютер бар, ағылшын тілі сабақтары жүргізіледі, Server орнатылған, кабинет 2007 жылы жабдықталған . Үйде оқылатын оқушыларда 7а сынып оқушысы Тұрсынбай Бағланда 1 компьютер бар , кітапханада 1 компьютер, барлығы 49 компьютер бар.
Мектептің оқу-тәрбие жұмысының келелі мәселесі : «Оқу – тәрбие үрдісінде білім технологияларын қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын және ұлттық дүниетанымын қалыптастыру» тақырыбы бойынша жұмыс істейді.

Оқу жылындағы оқушылар контингенті
2018 - 2019 оқу жылы 450 оқушымен басталды.1-4 сыныпта-180, 88 қыз бала; 5-9 сыныпта- 220, 108 қыз бала; 10-11 сыныпта – 50 оқушы,29 қыз бала . Барлығы 225 қыз бала .
1 сыныпқа 44 оқушы , 10 сыныпқа 23 оқушы қабылданды.

Оқу жылы Сыныптардың саны Оның
Ішінде
біріктірілгендері 1-4 сынып 4-сынып 5-9
сынып 9-сынып 10-11
сынып 11-сынып
2018-2019 29 2 орыс сыныбы 12 3 11 2 6 3
Оқушылардың саны
450 180 40 220 35 50 27
Білім сапасы-62%. Оқу жылының басында 450 оқушы болды. 11 оқушы
аудан, облыс мектептеріне кетіп, 8 оқушы біздің мектепке келді.1 жартыжылдық қорытындысында 447 оқушы, оның 227 қыз бала, 220 ұл бала.
Мектепалды даярлық топтарына жыл басында 40 бала қабылданды, оның оқыту тілі бойынша 2 қазақ сыныбы 34 оқушы, 1 орыс сыныбы 6 оқушы. Мектепалды даярлық тобының – 2 тобы 1 ауысымда,1 тобы 2 ауысымда оқиды. Сабақ 9.00 де басталады. Осы топтардағы балалар өз жастарына сәйкес жинақталған.
Мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және бақылау мен
басшылыққа алу мақсатында әдістемелік кеңес құрамы 7 пән бірлестігінен құрылып, бірлестік жетекшілері, шығармашылық топ мүшелері, тәлімгерлер тағайындалды. Жас мамандар мен тәлімгерлер жұмысын онды ұйымдастыру мақсатында оқыту семинары ұйымдастырылды. 26-27 қазан күні мектепішілік олимпиада өткізілді. Мектепішілік олимпиада жеңімпаздары төмендегідей анықталып осы оқушылар мектеп намысын аудан көлемінде де абыроймен ақтап шықты. І орын 1, ІІ орын -8, ІІІ орын-6. Облыстық пән олимпиадасы 1 орын Тасыбек Гүлзат құқық негіздері пәнінен. Аудандық «Дарын» ғылыми жоба байқауы І орын – 2, КҒА конференциясы І орын-1, ІІ орын-1, ІІІ орын-1, мадақтама-1 «Зерде» ғылыми жоба байқауы І орын -4 оқушы, ІІ орын-7 оқушы, ІІІ орын-2 оқушы.
Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие
тұжырымдамасында нақтыланған 8 бағыт жұмыстар жүргізілді. Оқушыларды мектепке тартылып, сынып жетекшілермен бірлесе отырып оқушыларды техника қауіпсіздігімен таныстырып, сабаққа келмеген оқушыларды анықтау, қадағалау, оқушылардың әлеуметтік, отбасылық жағдайы тексеріліп анықталды. «Армысың, алтын ұя мектебім!», «Мәңгілік ел-мәртебелі тіл», «Қарттарға деген қамқорлық, ертеңге деген ізгілік», «Ұстаз күні», «Алтын күз», «Мейірімділік», ««Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» «Бала құқығы-адам құқығы», «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ парызымыз», «Тәуелсіздік», «Жаңа жыл» мерекелері ұйымдастырылып, өз дәрежесінде өтті.
Мектептегі психологиялық қызметке дұрыс әлеуметтік сұранысты қалыптастыру мақсатындағы міндет-педагогикалық ұжымды,оқушыларды және ата-аналарды психологиялық ағарту арқылы сұраныс иелерін психолог жұмысының түрлерімен, бағыттарымен құықтары және міндеттерімен таныстыру арқылы, бүкіл педагогикалық ұжымды психологиялық қызметтің жұмыс стратегияларын жасауға қатыстыру болып табылады.Психологиялық жұмыстың нәтижелігін тек мынадай жағдайда көруге болады: психолог пен педагогикалық ұжымның білім беру жүйесіндегі оқыту-тәрбие жұмысындағы кәсіби қарым-қатынас біртұтас болса, бала тәрбиесіндегі психологтың көзқарасы мен ұстаздың балаға деген көзқарастары бірін-бірі толықтырып отырса, ата-анамен,байланыста болса жұмыс өз нәтижесін береді.
Әлеуметтік педагогтың жұмысының мақсаты- мектеп оқушыларымен, ата-аналарымен әлеуметтік педагогикалық жұмыстар жүргізу және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын, көпбалалы отбасы балаларын, жартылай жетім және оралман оқушылармен әлеуметтік қолдау жұмыстарын жүргізу. Осындай мақсатта мектебіміздің әлеуметтік педагогы өз жұмысын тиімді атқарып келеді.
Оқу жылы басында логопед кабинетін безендіру жұмыстары өткізілді: әдістемелік материалдармен, құралдармен, құжаттары толықтырылып, сабақ жоспарлары құрылды. І жарты жылдыққа құрылған сабақ кестесімен логопедиялық сабақтар жүйелі түрде жүргізіліп отырады. Ата-аналарға кеңестер беріліп отырады.
АӘД пәнінің оқу жоспары қарастырылып, бекітілді. Сабақтар мектептің сабақ кестесі бойынша жүргізіледі. Әскери тіркеуге алынатын жастармен іріктеу жұмыстары жасалынып,тізімдер бойынша аудандық қорғаныс істер бөліміне тапсырылды. 10-11 сыныптармен әскери оқу орындарына түсуге үгіт насихат жұмыстары жүргізіледі. Әскери оқу орындарына түскен түлектермен кездесу өтті. Үнемі жоғары оқу орындарымен байланыс ұйымдастырып тұрады. Мектептегі техника қауіпсіздігін және еңбек күзетін қамтамасыз етіліп отырады. Азаматтық қорғаныс жөніндегі семинарлар ұйымдастырып, сейсможаттығуларды уақытылы жүргізеді;
Биылғы оқу жылында 500 оқырман бар, 450 оқушы білім алуда. Жаңадан екінші сыныпқа 49 оқушы тіркелді. 3,6,8 сыныптарға жаңа бағдарлама бойынша оқулықтар түсті және 100% оқулықпен қамтылды. Жаңа оқу жылының басынан (қыркүйек 2018) желтоқсан айына дейін 3238 оқырман келді. Және 3543 дана кітап берілді. Қыркүйек айында тіл мерекесіне «Тілге құрмет-елге құрмет» кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Ана- тілім ардағым» тақырыбында 2-9 сыныптармен тәрбие сағаты өткізілді. «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» 3-4 сыныптармен әңгіме, «Бүгінгі ұрпақ-елдің ертеңі» 7-8 сыныптар арасында әңгіме өткізілді.
Қазан айында ұстаздар күніне арналған «Ұстазым, менің ұстазым» атты мерекелік кеш өткізілді. «Алтын күз» 2-4 сыныптармен тәрбие сағаты өтті.
«25 кітап, 25 пән» жобасы бойынша көрме ұйымдастырылды. «Адамгершілік-әдептілік» 5-6 сыныптармен әңгіме өтті. «Баршаға заң ортақ» көрме ұйымдастырылды.
Қараша айында демалыс кезінде оқушылармен «Кітаптар әлеміне саяхат» викторина өткізілді. Мектепішілік іс-шара бойынша «Бақытты отбасы» көрме ұйымдастырылып оқырмандармен әңгіме өткізілді.
1 желтоқсан Елбюасы күніне орай «Елін сүйген елі сүйген –Елбасы», тәуелсіздік күніне «Желтоқсан желі ызғарлы» кітап көрмелері ұйымдастырылды.
«Имандылық- инабаттылық мұраты» 5-6 сыныптармен дөңгелек үстел өтті.
«Экология ел тағдыры» тақырыбында 7 сыныптар арасында пікір алмасу өтті.
Кітапханаға қарыз оқырмандармен әңгіме өткізіп отырамыз. Бастауыш сынып оқырмандарының оқу жылдамдығына, есте сақтау қабілеттеріне, әдеби кітаптарды әр оқырманның қабілеттеріне қарай таңдап алуына көмек көрсетіледі.
Жылдың қыркүйек айында мектеп бойынша 450- оқушы тіркелді, 44-оқушы 1- ші сыныпқа оқушы қабылданды,барлығың мектеп алды медициналық бақылаудан өткен парақшалары тексеріліп,026-у кітапшалары жүргізіле бастады.Оқушылардың жеке бас гигиенасы және мектеп киімдері талапқа сай. Оқушыларды тексеріс барысында педикулез,басқа да тері аурулары анықталған жоқ. Мектептегі барлық мұғалімдер мен шаруашылық қызметкерлер барлығы мед. бақылаудан өткен,мед. кітапшада жұмысқа жіберу рұқсаттары тексерілді.Қыркүйек айында жоспар бойынша 1-4- сынып оқушылары ішекқұртқа тексеріліп,нәтижелері 026-у формасына тіркелді.Оң нәтиже көрсеткендер жоқ.Медициналық пункт жұмысыныңнегізгі бөлімдерінің бірі екпелердің бекітілген күнтізбесі бойынша алдын ала егу жұмыстарын ұйымдастыру болып табылыды.1-ші сынып оқушыларына 35- балаға Р.Манту сынамасы қойылып,13-оқушыға БЦЖ екпесі егілді. Екпе егілген, оқушылар екпеден кейінгі 6-айда үнемі мед бикелер бақылауында,екпе нәтижелері ,екпе әсері оқушының 026-у құжатына жазылып отырады. Қазан айында 7-14 жас аралығындағы 228-оқушыға Р.Манту сынамасы қойылды.осы –оқушылардың оң нәтиже көрсеткен 34-і «диаскинтест» сынамасы егілді.Оң нәтиже көрсеткен жоқ, барлығы 026-формасына және жұмыс журналдарына тіркеліп,екпе әсерлері бақыланды.
Қараша айында 75-оқушыға тулярин сынамасы егілді, барлығы теріс нәтиже көрсетті. Осы оқушыларға дерлік туляремия екпесі егілді, екпе әсері, нәтижелері бақыланып, қажетті құжаттарға тіркеліп жазылды. Осы айдан бастап ай сайын жас ерекшеліктеріне байланысты жоспар бойынша әр оқушы екпелерін алып отырады.
Оқу жылы басталысымен мектеп мүлкі түгенделіп инвентаризация жүргізілді. Мектеп іші таза, жарық. Барлық санитарлық талаптарды орындайды.

Тыңдалды: Қамқоршылық кеңес мүшесі А.Алимбаев:
Мектептің оқу-тәрбие жұмысының І жарты жылдық жұмысын тыңдай
келе барлық жұмыстар өз деңгейінде жүргізілгенін көріп отырмыз. Осындай жұмыстар жалғасыз тапсын.



Шешім қабылданды:
1. Мектептің оқу-тәрбие жұмысының І жарты жылдық есебі қанағаттанарлық деп бағалансын


Қамқоршылық кеңес төрағасы А.Абдульдинова

Хатшы: Б.Шалова


Қамқоршылық кеңес мүшелері А.Абдульдинова
М.Дуанов
Ж.Хусайнова
Қ.Абдугалиева
С.Есполова
А.Алимбаев
М.Мақатаев
С.Косаева
Қ.Абдульдаев
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив