2022-2023 оқу жылының жарты жылдық есебі » Екіаша орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі" ММ
"Екіаша орта мектебі" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(701) 138-33-88
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022-2023 оқу жылының жарты жылдық есебі
09
январь
2023

2022-2023 оқу жылының жарты жылдық есебі

Екіаша  орта мектебінің логопеді 

А.Б. Байганышеваның жарты жылдық есебі

2022-2023 оқу жылы 

      2022-2023 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспарына сәйкес қыркүйек айының 1-15 аралығында ОМПМК тұжырымдамасы бар және ата-аналардың сұраныстары бойынша оқушыларға  тексеру жүргізілді.  

Тексеру барысында балалардың қоршаған орта туралы түсініктерін, ауызша сөйлеу тілін, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу тілін, ұсақ қол моторикасын, зейін тұрақтылығын тексеру мақсатында түрлі көрнекі дидактикалық құралдар қолданылды. 

Оқушылардың оқу және жазу дағдыларын тексеру үшін жас ерекшеліктерін ескере отырып диктант, көшіріп жазу және мәтінді оқу, мәтін мазмұнын айтып бер  сияқты тапырмалар берілді. 2-5 сыныптар арасында сабақтарына қатысып  2А 2В формалары толтырылды.

     Мектепте психологиялық-медициналық-педагогикалық отырыс құрамы бекітіліп, отырыстың жұмыс жоспары бекітілді. 

Оқушыларды тексеру нәтижесінде дыбыс айту бұзылыстары бар ППМК қорытындысы бойынша  үйден оқытылатын ЖСТД І деңгейімен 4 оқушы, ерекше білімді қажет ететін 1 оқушы 3 а сыныбында отыр. Отырыстың шешімі бойынша барлығы   14 оқушы логопедтің түзету сабағына тізімге алынды. Уйден оқытылатын оқушылар 4-еу аптасына 1 рет.

1 сыныптар оқушыларының ата-аналарына «Балаңыз мектепке дайын ба?» тақырыбында сауалнама алынды. Сауалнама нәтижесінде арнайы мамандарға сұраныс тумады. 2-4  сынып ата-аналарынан да сауалнама алынды.

Тізімге алынған әр балаға жеке жұмыс жоспары құрылып, түзету сабақтары жүргізілді. Түзету  сабағы аптасына 2 рет. Тізімге алынған  балалармен   жекелей және топтық сабақтар жүргізіледі. Әр оқушыға сабақ жоспарлары құрылған. Аталған оқушыларға жетістік  карталары толтырылып, диагностика нәтижелері бойынша жеке дамыту бағдарламалары құрылды. 

Ата-аналарымен келісімшарт толтырылып, балаларының сабаққа қатысуына келісімдерін берді. Мұғалімдермен және ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жүргізілді.

3.11.2022 ж  Сарқан ауданында арнайы педагогтарға арналған үлкен көлемде ОПМПК қызметкерлерінің қатысуымен семинар өтті. 

16.11.2022ж ерекше білім беруді қажет ететін оқшыларға сабақ беретін мұғалімдерге арналған «Инклюзивті білім беру-қоғам қажеттілігі» тақырыбында Гуманитарлық колледждің ұйымдастыруымен аудандық   семинар өткізілді. Өзінің іс-тәжірибесімен бөліскені үшін «Алғыс хат» берілді. Семинар барысында мұғалімдерге көптеген мағлұматтар айтылып, ЕЕБҚ бар оқушыларға сабақты тиімді ұйымдастыру жолдары ұсынылды.

Аудан көлемінде арнайы педагогтарға арналған бауқауға қатысып, облысқа жолдама алдым. 

 24.11.2022ж Облыстық  «Әдістемелік   сандықша» байқауына қатысып, Алғыс хат пен марапатталдым.  Өзімнің «Мектеп оқушыларының тіл кемістігінің алдын алу және түзету жұмыстары» атты авторлық бағдарламам шықты. Алматы 2022ж


Жүргізілген арнайы  педагог маманның түзете – дамыту төмендегідей кезеңдермен өтті.

1. Диагностикалық кезең:

1. баланың психо-физиологиялық қалпын үнемі және жан-жақты зерттеу.

2. бала  бұзылыстарының әр түрлі деңгей формаларын зерттеу.

3. таным әрекеттерінің бұзылу белгілерін, деңгейін анықтау.

2. Коррекциялық дамыту кезеңі:

1. баланың даму қалыпын ескере отырып  қадамдылық бағытта оқыту процессін жүргізу. 

  1. түзете – дамыту жұмыстарын жүргізу барысында ата-анамен тығыз байланыста болу. 

3.   әр жас кезеңіне сәйкес танымдық әрекеттерін дамыту. 

3. Тәрбиелеу кезеңі:

     Баланың отбасындағы, қоғамдық орындардағы мінез-құлқын, жеке тұлғаның қоршаған ортада өзін-өзі ұстауға, жаңа ортаға үйренуіне қажетті жағымды қасиеттерін тәрбиелеу.   




                                                                         Мектеп логопеді: А.Байганышева 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив