Жылдық есеп 2021-2022 оқу жылы » Екіаша орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі" ММ
"Екіаша орта мектебі" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(701) 138-33-88
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жылдық есеп 2021-2022 оқу жылы
16
июнь
2022

Жылдық есеп 2021-2022 оқу жылы

Екіаша  орта мектебінің логопеді 

А.Б. Байганышеваның жылдық есебі

2021-2022 оқу жылы 

Логопед маманның  2021-2022 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспарына сәйкес қыркүйек айының 1-15 аралығында ОМПМК тұжырымдамасы бар және ата-аналардың сұраныстары бойынша сөйлеу тілінде бұзылыстары бар оқушыларға логопедиялық тексеру жүргізілді.  

Логопедиялық тексеру барысында балалардың қоршаған орта туралы түсініктерін, ауызша сөйлеу тілін, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу тілін, ұсақ қол моторикасын тексеру мақсатында түрлі көрнекі дидактикалық құралдар қолданылды. 

Оқушылардың оқу және жазу дағдыларын тексеру үшін жас ерекшеліктерін ескере отырып диктант, көшіріп жазу және мәтінде оқу сияқты тапырмалар берілді. Сабақтарына қатысып формалар толтырылды.

     Мектепте психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум құрамы бекітіліп, консилиум жұмыс жоспары бекітілді. 

Оқушыларды тексеру нәтижесінде дыбыс айту бұзылыстары бар ППМК қорытындысы бойынша  үйден оқытылатын ЖСТД І деңгейімен 4 оқушы, 1 ерекше білімді қажет ететін бала мектепте 2В сыныбында отыр. Мектеп консилиумының отырысының шешімі бойынша  21 оқушы логопедтің түзету сабағына тізімге алынды.

Әр балаға жеке жұмыс жоспары құрылып, түзету сабақтары жүргізілді. Түзету   сабағы аптасына 2 рет сөйлеу тілінде кемістігі бар балалармен  жекелей және топтық сабақтар жүргізіледі. Әр оқушыға сабақ жоспарлары құрылған. Аталған оқушыларға сөйлеу карталары толтырылып, диагностика нәтижелері бойынша жеке дамыту бағдарламалары құрылды. 

Ата-аналарымен келісімшарт толтырылып, балаларының сабаққа қатысуына келісімдерін берді. Мұғалімдермен және ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жүргізілді.

Жүргізілген  педагог логопед  маманының түзете – дамыту төмендегідей кезеңдермен өтті.

1. Диагностикалық кезең:

1. баланың психо-физиологиялық қалпын үнемі және жан-жақты зерттеу.

2. сөйлеу тілі бұзылыстарының әр түрлі деңгей формаларын зерттеу.

3. таным әрекеттерінің бұзылу белгілерін, деңгейін анықтау.

2. Коррекциялық дамыту кезеңі:

1. баланың даму қалыпын ескере отырып  қадамдылық бағытта оқыту процессін жүргізу. 

  1. түзете – дамыту жұмыстарын жүргізу барысында ата-анамен тығыз байланыста болу. 

3.   әр жас кезеңіне сәйкес танымдық әрекеттерін дамыту. 

 4. баланың сақталған компенсаторлық мүмкіншіліктерін зерттеп, анықтап, ескере отырып «жеке дамыту бағдарламасын» құру.   

3. Тәрбиелеу кезеңі:

     Баланың отбасындағы, қоғамдық орындардағы мінез-құлқын, жеке тұлғаның қоршаған ортада өзін-өзі ұстауға, жаңа ортаға үйренуіне қажетті жағымды қасиеттерін тәрбиелеу.   

          Жалпы тілінің дамымауының әртүрлі деңгейіне байланысты құрылған жеке дамыту бағдарламасы бойынша қойылған төмендегідей  мақсат- міндеттері:         

          - сөйлеу тілінің түсінуін қалыптастыру;

          - енжар және белсенді сөздік қорларын дамыту;

          - белсеңді сөйлеу тіліне ынталандыру дамыту;

          - байланыстырып  сөйлеу тілдерін дамыту, заттық және сюжеттік суреттер бойынша сөздер, сөйлемдер құрауға ынталандыру;

          - артикуляциялық аппараттың икемдігін арттыру, қалыптаспаған дыбыстарды қоюға арнайы жаттығулар қатарын үйрету;

          - сөйлеу тіліндегі қалыптасқан дыбыстарды толық анықтап, дыбыстарды қою және бекіту жұмыстарын жүргізу;

- сөйлеу тілінің лексикалық–грамматикалық   құрылымын дұрыс қалыптастыру;

- фонематикалық қабылдау, есте сақтау, сараптау және талдау анализ синтез жүргізу;

Түзету сабақтарының нәтижесінде, балалар алғашқыға қарағанда берілген тапсырмаларды түсініп орындау, өз бетімен орындау, артикуляциялық жаттығуларды игеріп, сөздік қорларын жаңа сөздерімен толықтыру, кеңейту сияқты жетістіктерге қол жеткізуде. 

Дислалия бұзылыстары бар балалармен келесі жұмыстар жүргізілді: Фонетикалық есту қабілетін дамыту  үшін лексикалық тақырыптары мен дыбыстар дағдыларына байланыстырып айтылуы бойынша ерекшеліктерімен таныстырылды. Оқушылар тілдік емес дыбыстардан әуенді ойыншықтар, тұрмыстық шулар дыбыстарын ажыратып үйренді. 

Белсенді еліктеп сөйлеу әрекетін дамыту жұмыстары жүргізілуде сөйлеу тілінің белсенді сөздік қорын дамыту үшін арнайы сұрақтармен байланыстырып сөздік қорлары кеңейуде. Сөйлеу тілінде «етістіктер», «есімдіктер», «зат есім», «сын есім», «есімшелерді» дұрыс қолданып үйренуде. Сөйлеу тілінің қарым – қатынастық сөздік қорын дамытуға «Бауырсақ», «Шалқан» ертегілерінің кейіпкерлеріне бөлініп, дауыс ырғағын өзгертіп үйренді.  Сюжетті суреттер бойынша екі, үш құрылымды сөйлем құрап, үш – төрт сериялы сюжетті суреттерден әңгіме құрастырады. Дыбыстану қатарына келетін болсақ дауысты дыбыстар қатарын дұрыс айтылуын қадағаланып,  «еріндік» [П], [Б], «бұғақтық» [Қ], [Ғ], «ызың» [Ш],[Ж], «ысқырық»[С], [З] дыбыстарына түзету жұмыстары жүргізілді. 

         Ротацизм бұзылыстары бар балалармен келесі жұмыстар жүргізілді: жоғарыда айтылған логопедиялық түзете-дамыту жұмыстары толығымен қамтылып жатыр. Сөйлеу тілінің түсінуін дамытуға арнайы лексикалық тақырыптар алынды «Мектеп құралдары», «Жабайы аңдар» «Қыстайтын құстар», «Жәндіктер», «Тәуелсіздік күні», «Қанша мемлекеттік қор бар?», «Жыл мезгілдері» т.б. Бала тұрмыстық шуларды және жануарлардың дыбыстарын ажыратуға арналған жұмыс жүргізілді. Бет бұлшықеттеріне арналған емдік уқалау жоспарланып, жасалды. Артикуляциялық аппараттың қимыл-қозғалысын дамытуда бала мимикалық, ерінге және тілге арналған жаттығуларды жасап үйренуде. Сонымен бiрге дыбыстар қатары аныкталып, оларды қоюға арналған артикуляциялық жаттығулар қатарын игердi. «Р» дыбысын қою барысында тілдің алдыңғы бөлігін альвеолаға тигізу, ажырату жүзеге асады. Кішкене шар тәрізді зондтың орнына мақта таяқшаларын немесе саусағын пайдалануға болады. Алдымен саусақты логопедтің өзі қозғайды, кейін бала өздігінен жасайды. Жаттығу кезінде тілдің тиісті орынға оралуын, тіл мен альвеол арасында тар саңылау болуын бақылап отыру керек. Ақырында тілдің өздігінен тербелуіне альвеолдық Т немесе Д дыбыстарын фрикативтік Р дыбысымен тіркестірдің көмегі көп /др, дддр, тр, тттр/.

Бастапқы тілдің ұшы ғана тербелетін, тербеліс секундына 20 ретке жететін «ұсақ діріл» болып, қалыптастырылды.

      Р дыбысына арнайы құралған альбоммен жұмыс жасалды. Ол жерде артығын алып таста, қателеспе, жаңылпаштарды жатта, мақалдарды айтып бер деген тапсырмаларды орындай отырып машыұтандыру жұмыстары жүргізілді.

Саусақтарының қимыл-қозғалыстарын дамыту мақсатында   жаттығулар, ұсақ заттармен жұмыс, қарындашпен жұмыс түрлері де жасалды.

Лабдацизм бұзылыстары бар балалармен келесі жұмыстар жүргізілді: тілдің икемсіздігіне байланысты  артикуляциялық жаттығулар қатары жасалды. Ол тілдің «қазықша» қалпын жасауға, оны жоғары күрек тіске тіреуге, бүйірден ауа жолын ашуға бағытталуға көмек берді. Артикуляциялық жаттығулар тілді кезекпен жалпайту немесе жіңішкерту, «күректей», «қазықтай» ұшымен төменгі, жоғарғы еріндерге тигізу, айналдыра жалау, тіс пен ерін арасын жалау, тілді тіс пен ерін арасында, жоғары-төмен жүгірту, тілді оң, сол ұрттарға кезек тигізіп ұстап үйренді.

Дислексия мен дисграфиясы бар оқушылармен арнайы альбом жасалып сонымен жұмыс жүргізілді. Мысалы шульте кестесі, моншақтар, жасыл нүкте, терезе ішіндегі буындарды оқы, қашатын сөздер, мнемотехника деген техникалармен жұмыс жасалды. 

       Бірінші жарты жылдықтан кейін 26 оқушыдан 8  оқушыдан айтарлық жақсару (динамика) байқалды, екінші жарты жылдықта 9 оқушы  дислалиямен 4 оқушы дисграфиямен  1 оқушы ерекше білімді қажет ететін СТЖД оқушымен  және 4 үйден оқитын оқушымен түзете-дамыту жұмыстары  жалғастырылды.          

15.09.2021ж ата-аналарға «Балаңыз мектепке дайын ба?» тақырыбында сауалнама өткізілді.

«Балалардың сөйлеу тілінің дислалия бұзылысын түзетуге бағытталған жұмыстар» ата-аналарға кеңес.

«Бастауыш сынып оқушыларында кездесетін дыбыс айту бұзылыстарын түзетудің тиімді әдіс тәсілдері» мұғалімдер арасында шебер сынып, дыбыс айту бұзылыстарын түзетудің тиімді әдіс-тәсілдері түсіндірілді.

10.12.2021 ж ерекше білім беруді қажет ететін оқшыларға сабақ беретін мұғалімдерге арналған «Инклюзивті білім беру жағдайында оқыту үдерісін ұйымдастыру, заманауи әдістерді сабақта қолдану» тақырыбында онлайн семинар өткізілді. Семинарға барлығы 15 мұғалім қатысты. Семинар барысында мұғалімдерге көптеген мағлұматтар айтылып, ЕЕБҚ бар оқушыларға сабақты тиімді ұйымдастыру жолдары ұсынылды.

      «Балалардың сөздік қорын дамытудың заманауи әдістері» тақырыбында практикалық тренинг өткізілді. 

  «Инклюзивті білім беру және логопедия орталығының» ұйымдастыруымен «Білім беру ұйымдарындағы педагог- логопедтің кәсіби құзыреттілігін арттыру» тақырыбында (72 сағат) онлайн біліктілікті арттыру курсы өтті.

2021-2022 оқу жылы бойынша логопедке тіркелген, логопад балалардың жалпы саны жыл басында 26, олардың ішінде сөйлеу тілі түзетілген логопедтің көмегін қажет етпейтін оқушылар саны– 6, ал сөйлеу тілі бастапқыға қарағанда жақсарған бірақ әлі де логопедтің қадағалауын қажет ететін балалар саны – 15. Үйден оқытылатын - 4 оқушы. Олардан 2 оқушы басқа жаққа ауысуына байланысты барлығы 17 оқушы тізімде тұр.  Ал тізімде тұрған қалған оқушылармен түзету сабақтары келесі жылдықта   жалғастырылады. 








                                                                         Мектеп логопеді: А.Байганышева 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив