Қамқоршылық кеңес ережесі » Екіаша орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі" ММ
"Екіаша орта мектебі" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(701) 138-33-88
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Қамқоршылық кеңес ережесі
09
ноябрь
2019

Қамқоршылық кеңес ережесі

Қамқоршылар кеңес ережелері

Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017жылғы 29тамызда №15584 болып тіркелді.
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

1-тарау. Жалпы ережелер
1. Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымындарында Қамқоршылық кеңесінің (бұдан әрі - Қамқоршылық кеңес) жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.04.2018 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Қамқоршылық кеңес Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы, медициналық және фармацевтикалық оқу орындарына, мемлекеттік емес білім беру ұйымдарына, сондай-ақ акционерлік қоғам нысанында құрылған мемлекеттік коммерциялық емес білім беру ұйымдарын қоспағанда білім беру ұйымдарында құрылады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.04.2018 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара әрекет жасайды.
4. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өз өкілеттігін орындауы өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
2-тарау. Қамқоршылық кеңесті сайлау тәртібі және құрамы
5. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органы өзінің интернет қорында және/немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында Қамқоршылық кеңестің құрылатындығы және оның құрамы бойынша ұсыныстардың қабылданатындығы туралы хабарландыру қазақ және орыс тілдерінде орналастырады.
Ұсыныстарды қабылдау хабарландыру жарияланған күнінен кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.04.2018 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

6. Қамқоршылық кеңестің құрамы Қамқоршылық кеңеске мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімімен алынған ұсыныстардың негізінде қалыптастырылады және тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган ұсыныстарды қабылдау аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде бекітеді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.04.2018 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7. Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:
1) жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкідері;
3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);
4) ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;
5) қайырымдылық жасаушылар (бар болса).
Білім беру ұйымының жанынан құрылған Қамқоршылық кеңес отырысына осы білім беру ұйымының басшысы немесе оның орынбасары қатысады.
Қамқоршылық кеңес құрамына "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы 1-тармағының2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар кіргізілмейді.
8. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны тақ, бір-бірімен және сол білім беру ұйымының басшысымен ешқандай туыстық және жекжаттық қатынасы жоқ кемінде тоғыз адамнан құрылады. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды. Қамқоршылық кеңес мүшелері сол білім беру ұйымы қызметкерлерінің штатына кірмейді.
Тірек мектептерінде (ресурс орталығы) құрылған Қамқоршылық кеңес өкілеттігі оған бекітілген шағын жинақты мектептерге де таратылады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.04.2018 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

9. Мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылатын Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны үш адамнан аспайды.
10. Қамқоршылық кеңестің отырысында ашық дауыс беру жолымен дауыстар басымдылығымен сайланатын (қайта сайланатын) оның төрағасы Қамқоршылық кеңестің басшысы болып табылады.
Мемлекеттік органдардың өкілдері Қамқоршылық кеңестің төрағасы болып сайланбайды және оның міндеттерін жүзеге асырмайды.
11. Қамқоршылық кеңестің төрағасы болмаған жағдайда Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша оның қызметін Қамқоршылық кеңес құрамына кіретін мемлекеттік органдардың өкілдерінен басқа Қамқоршылық кеңес мүшелерінің бірі жүзеге асырады.
12. Төраға Қамқоршылық кеңестің атынан әрекет етеді және осы Қағидаларға сәйкес оның қызметін қамтамасыз етеді.
13. Қамқоршылық кеңестің хатшысы білім беру ұйымдары қызыметкерлері арасынан тағайындалады және ол Қамқоршылық кеңестің мүшесі болып табылмайды.
Қамқоршылық кеңестің хатшысы Қамқоршылық кеңестің дайындығын, өткізілуін, материалдар мен отырыс хаттамасының рәсімделуін қамтамасыз етеді.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.04.2018 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)бұйрығымен.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив