Қамқоршылық кеңес » Екіаша орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі" ММ
"Екіаша орта мектебі" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(701) 138-33-88
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Қамқоршылық кеңес
09
ноябрь
2019

Қамқоршылық кеңес

Қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы №5

20.05.2019 жыл Екіаша орта мектебі

Қатысқандар:
1. А.Абдульдинова қамқоршылық кеңес төрағасы
2. М.Дуанов- қамқоршылық кеңес мүшесі
3. Ж. Хусайнова– қамқоршылық кеңес мүшесі
4. Қ.Абдугалиева–қамқоршылық кеңес мүшесі
5. С.Есполова –қамқоршылық кеңес мүшесі
6. А.Алимбаев- қамқоршылық кеңес мүшесі
7. М.Мақатаев - қамқоршылық кеңес мүшесі
8. С.Косаева- қамқоршылық кеңес мүшесі
9. Қ.Абдульдаев– қамқоршылық кеңес мүшесі
10. Н.Беисова -мектеп директоры


Күн тәртібінде:
1. Мектептің оқу-тәрбие жұмысының жылдық есебі –Н.Беисова

Тыңдалды:
1. Мектеп директоры Н.Беисова Мектептің оқу-тәрбие жұмысының жылдық
есебімен таныстырды.
Білім беру мазмұнын жаңарту білім берудің қазіргі заманғы үрдістерін және қазақстандық білім берудің үздік практикасын кіріктіруге бағытталған.
Мектептің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
• Қазақстан Республикасының орта білім мемлекеттік стандарттарының жүзеге асыруына ықпал жасау;
• Жеке тұлғалардың жан-жақты дамуына ықпал ететін жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісіне еңгізу;
• Әрбір мұғалімнің жұмысы туралы мәліметтердің әдістемелік-ақпараттық орталығын құру (есепке алу,сараптау,талдау,бағалау)
Оқу үрдісінің ұйымдастырылуы келесі нормативтің-ақпараттық құжаттармен жұмыс жүргізіледі:
-ҚР «Білім туралы» Заңы.
-Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.
-Типтік оқу жоспары 2017 жыл 18 тамыз №422 бұйрық
Мектеп әкімшілігі тарапынан оқу жылы барысында келесі жоспар бойынша мектепішілік бақылау іске асырылады:
- Құжаттардың жүргізілуіне бақылау;
- Білім, Білік ,Дағды сапасына бақылау;
- Пәндердің оқытылу деңгейіне бақылау;
- Оқу бағдарламасының орындалу көлеміне бақылау;
- Оқушылардың сабаққа қатысуына бақылау;
- Үйде оқытудың және жалпыға бірдей білім беру талаптарының жүргізілуіне бақылау;
Бақылау тексеру формасында, сонымен қатар әдістемелік көмек көрсету формасында жүргізілді. Мектепішілік бақылау жоспары қажеттілігіне қарай толықтырылып отырады. Бақылау қорытындысы педагогикалық кеңестерде, кіші педкеңестерде, директор жанындағы отырыстарда, әдістемелік кеңестерде, мектеп директорының бұйрықтарында қарастырылды.
5-11 сынып окушыларының білімділік деңгейі жүйелі түрде бақылау, тест, кесінді жұмыстарын (кірме бақылау, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық) алу түрінде жалпы сыныптық, пәндердің берілу сапасын тексеру барысында талданып отырылды.
Екіаша орта мектебінде 2018 – 2019 оқу жылында 29 сынып комплектісі болды. Оқыту – тәрбиелеу үрдісінде мектеп нормативтік – құқықтық құжаттарды басшылыққа алды. Барлық сыныптарда оқыту бағдарламалары орындалды, мектеп мамандармен толық қамтамасыз етілген.
Мектепішілік бақылау жоспары орындалды. Әрбір тексерілген жұмыстарға анықтамалар жазылып, шешімдер қабылданып отырады.
Оқу жылының басында 450 оқушы болды. Оқу жылы бойы 10 оқушы аудан, облыс, республика мектептерінен келіп, 20 оқушы кетті.Оқу жылы аяғында 440 оқушы, оның 222 қыз бала, 218 ұл бала. 1-4 сыныпта-175, оның 85-і қыз бала; 5-9 сыныпта- 215, оның 108-і қыз бала; 10-11 сыныпта – 50 оқушы, оның 29-ы қыз бала . Мектепалды даярлық топтарына жыл басында 40 бала қабылданды, оның оқыту тілі бойынша 2 қазақ сыныбы, орыс сыныбы. Бірінші сыныпқа қабылданғаны 44 оқушы.
Келесі оқу жылына мектепалды даярлық сыныбына 33 бала, 1 сыныпқа 42 оқушы барады.
Мектепте 67 факультатив сабықтар мен үйірмелер ұйымдастырылып жүргізілді. 10-11 сынып оқушылары 2 бағытта оқыды. Жаратылыстану-математикалық бағытта 10а,11а,11в сыныптары, қоғамдық-гуманитарлық бағытта 10б, 11б сыныптары дәріс алады. Биыл 11 сыныпты 26 оқушы бітіргелі отыр. 4 оқушы «Алтын белгі» белгісіне ұсынылды.
Мектепте 3 интерактивті тақта , биология кабинеті 2011 жылы, физика кабинеті 2015 жылы орнатылған. 2 компьютер кабинеті, онда 27 компьютер жұмыс жасайды. 1 мультимедиалық кабинет бар. Онда 17 компьютер бар, ағылшын тілі сабақтары жүргізіледі, Server орнатылған, кабинет 2007 жылы жабдықталған . Үйде оқылатын оқушыларда 6а сынып оқушысы Тұрсынбай Бағланда 1 компьютер бар , кітапханада 1 компьютер, барлығы 49 компьютер бар.
Мектептің оқу-тәрбие жұмысының келелі мәселесі : «Оқу – тәрбие үрдісінде білім технологияларын қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын және ұлттық дүниетанымын қалыптастыру» тақырыбы бойынша жұмыс істейді.
Аралас түрдегі мектеп. Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Оқыту тілі 1-4 5-9 10-11
Сынып саны Оқушы саны Сынып саны Оқушы саны Сынып саны Оқушы саны
қазақша 9 157 10 209 4 45
орысша 4 23 2 11 1 5
Барлығы 13 180 12 220 5 50

Екіаша орта мектебінде биылғы оқу жылында түзету-дамыту сыныбына 5 оқушы қабылданды. Үйден оқитын оқушылар 3 оқушы оқып жатыр. Барлық оқушыларда «Алакөл ауданының Үшарал қаласындағы №4 Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» мемлекеттік мекемесінің қорытындысы бар.
Оқушылардың даму жағдайы мен білім-білік дағдыларының деңгейіне сараптамалар мен қорытындылар үнемі жасалып отырды.
440 оқушының 101-і оқу үздіктері, 177-і оқу екпінділері. Мектеп бойынша 63,3 пайыз білім сапасын көрсетті.
Мектеп оқушыларының тізімі бекітіліп, мектеп пспорты жасалып, әр түрлі әлеуметтік мәртебеге ие оқушылар анықталып, әлеуемттік құжаттары толтырылды.
Көпбалалы жанұядан шыққан оқушылар саны -171
Аз қамтылған отбасындағы оқушылар -5
Толық емес отбасы-30
Жартылай жетім-19
Қорғаншылықтағы жетім балалар-2
Мектепте тегін тамақтанатын оқушылар саны-123
Инклюзивті оқумен қамтылған -1 оқушы
Мектепішілік есепте тұрған оқушылар-3
№173 қаулыға сәйкес барлық оқушылар мектеп кітапханасынан тегін кітаптармен қамтылған. Әр түрлі мәртебеге ие оқушыларды мектептің әлеуметтік педагогы үнемі назарда ұстап, үйлеріне тексеру актісін жүргізеді. Ата-аналармен, оқушылармен түрлі іс-шаралар өткізіп тұрады.
Мектеп логопеді сөйлеу бұзылысы бар балаларды анықтау барыснда -12 бала анықталды. Олардың 7 оқушы функционалды дислалия, яғни л,с,ш, р әріптерінің бұзылуы. Кекештену-1 оқушы, 3- оқушы дамуында тежелуі бар оқушылар. Осы оқушылармен үнемі жұмыстар уақытылы жүргізілді. Нәтижесінде 3 оқушы әріптердің айтылуы дұрысталды. Қалған оқушылармен әлі де жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Мектептің оқу – тәрбие жоспарына сәйкес №01-05/252 бұйрығы шығарылып, 26 қараша күні мектепішілік олимпиада өткізілді.
Мектепішілік пән олимпиадасының қорытындысы:
67 оқушы қатысты, нәтижесінде:
ІІІ орын – 18 оқушы
ІІ орын – 26 оқушы
І орын – 17 оқушы
17 оқушы аудандық пән олимпиадасына жолдама алды.
Аудандық пән олимпиадасының қорытындысы:
ІІІ орын – 6 оқушы
ІІ орын – 8 оқушы
І орын – 1 оқушы
1 оқушы облыстық пән олимпиадасына жолдама алды.
Облыстық олимпиада қорытындысы
ІІ дәрежелі Диплом және бағалы сыйлық –Тасыбек Гулзат
(құқық негіздері)
Ғылыми жоба жарысының қорытындысын талдау:
Барлығы 17 оқушы ғылыми жобаларға қатысқан, соның ішінде аудандық «Дарын» ғылыми жоба жарысы бойынша- 2 оқушы қатысып І орынға ие болды. Облыстық кезеңінде 2 оқушы Сертификат алды. Аудандық КҒА конференциясы бойынша – 4 оқушы қатысып: ІІІ орын -1 оқушы, ІІ оқушы -1, І оқушы -1. Облыстық кезеңінде 1 оқушы ІІ дәрежелі дипломға ие болды. Аудандық «Зерде» бойынша – 11 оқушы қатысып, ІІІ орын- 3, ІІ орын - 5, І орын – 3. Облыстық кезеңінде 1 оқушы Сертификат және бағалы сыйлық ие болды.
Халықаралық ашық ғылыми-практикалық конференциясына-2 оқушы қатысып ІІ орынга ие болды.
Республикалық ғылыми жұмыстар байқауына – 3 оқушы қатысып: 1 оқушы – І орын, ІІ орын-2 оқушы.
Республикалық «Ақ бота» интеллектуалдық марафонға 9 оқушы қатысты: ІІІ орын 4 оқушы, ІІ орын– 3 оқушы, 2 орын -2 оқушы.
«Жарқын болашақ» аудандық қазақ тілі олимпиадасының қорытындысы: 4 оқушы ІІІ орынға иеленді.
Аудандық «Ілияс оқулары» - 1 оқушы ІІ орынға иеленді.
Аудандық «Абай оқулары» - 1 оқушы -ІІ орын, 1 оқушы- ІІІ орын
Аудандық мақал-мәтел сайысы – 1 оқушы ІІ орын
Аудандық «М.Мақатаев оқулары» 1 оқушы ІІ орын
«Бақытты елдің ұрпағы» қоғамдық қорының ұйымдастырумен Рес публикалық «Дала сазы» байқауы бойынша 5 оқушы қатысып, соның ішінде 3 оқушы – Бас жүлде, 1 оқушы – І орын, 1 оқушы – ІІ.
Аудандық «Үздік командир-2019» - Дарубай Бекзат ІІІ орынға ие болды.
Республикалық «IQanat» олимпиадасының І кезеңінің жеңімпазы -5 оқушы атанды, ІІ кезеңіне – 2 оқушы өтті.
Республикалық Дәстүрлі Интернет Олимпиада сайттары бойынша жетістіктер - 15 оқушы қатысып:
ІІІ орын - 1
ІІ орын-5
І орын- 6
Оқушылардың шығармашылық жетістіктері бойынша 48 оқушы марапатталды:
ІІІ орын - 5
ІІ орын-4
І орын- 35
Спорт бойынша оқушылардың жетістіктері:
Аудандық еркін күрес бойынша:
ІІІ орын - 12
І орын- 1
Облыстық еркін күрес бойынша ІІІ орын 1 оқушы
Облыстық баскетбол Чемпионаты :
І орын- 2 оқушы «Алтын медаль» иегері атанды.
Білім жетілдіру жағдайы
АОПҚБАИ, КМЦПК және ПШО тарапынан 2018-2018 оқу жылында білім жетілдіру курстарына қатынасқан педагогтар саны: 11

Жаңартылған бағдарлама оқыту курсы бойынша



Мұғалімдердің санаттары:







«Ұшқын» қоғамдастықтын құрамы:




Жас маманандармен жұмыс
Жас мұғалімдерге кәсіби мамандық бойынша жан-жақты дамуына көмек көрсетуде, оқытудың әдістемелік әдіс-тәсілдерін үйретуде жас мамандар мектебі құрылып тәлімгерлер бекітілген. 9 жас маман жұмыс істеуде, сонын ішінде 2 жаңартылған бағдарлама бойынша курстан өтті.
Мектепішілік «Жас маман -2019» қорытындысы:
Бас жүлде (1) — диплом, байқау жеңімпазы үшін арнайы тағайындалған
статуэтка және «Үздік жас маман» төсбелгісі – Чамчиева А.
І орын – диплом, «Үздік жас маман» төсбелгісі- Есеркеева Н.
ІІ орын – диплом, «Үздік жас маман» төсбелгісі- Белимбаева А.
ІІІ орын – диплом, «Үздік жас маман» төсбелгісі- Ақберген Р.
«Жаңашыл маман» номинациясы – мадақтама - Дулатова Г.
«Ізденімпаз маман» номинациясы – мадақтама – Калбаева Г.
«Шығармашыл маман» номинациясы – мадақтама- Дакилян Б

«Ең үздік кабинет – 2018» байқауының қорытындысы
№ Мұғалімнің аты-жөні Кабинет Балл Орын
1 Рымбаева Заурехан 43 75 І
2 Акимжанова Айман 23 70 ІІ
3 Каирбекова Жазира 45 65 ІІІ
4 Ақберген Роза 30 35 «Ізденімпаз»
5 Рыскутова Арман 6 40 «Іскер»
6 Рахметова Клара 35 45 «Шығармашыл»

«Үздік әдістемелік жинақтама» байқауының І, ІІ кезең қорытындысы:
№ Әдістемелік бірлестік І ІІ Жалпы Орын
1 «Жауқазын» 400 300 700 І
2 «Заңғар» 400 50 450 ІІ
3 «Достық» 350 - 350 ІІІ
4 «Шабыт» 150 - 150
5 «Интеграл» 100 - 100
6 «Балауса» 50 - 50
7 «Зерде» 50 - 50

Аудандық «Үздік денешынықтыру мұғалімі -2019» қорытындысы:

№ Аты-жөні Орын
1 Жаканаев С.К. І

Аудандық «Үздік кәсіподақ»
№ Аты-жөні Орын
1 Жаканаева Б.А. ІІІ
Биология пән мұғалімдерінің арасында
өтетін облыстық олимпиада қорытындысы:
Есимханова Г. - сертификат

Аудандық спартакиада

№ Аты-жөні Орын
1 Хундыз А. ІІІ

Мұғалімдердің шығармашылық жетістіктері бойынша 59 мұғалім марапатталды:
ІІІ орын- 23
ІІ орын-20
І орын-7
Бас жүлде -1

Мектепішілік «Жыл мұғалімі-2019»
№ Аты-жөні Портфолио Тұсаукесер Баспасөз
конференция «Менің жаңашылдығым» «Мен шебермін!» Балл
1 Касенова Н. 15 15 14 15 15 74
2 Косаева Б. 15 15 15 15 15 75
3 Есимханова Г. 12 15 14 15 15 71
4 Тинибаев М. 9 12 12 14 15 62
5 Елеусизов Б. 9 12 12 15 15 63
6 Калкеева Н. 14 15 15 15 15 74
7 Догаманова Т. 15 15 14 15 15 74


І орын – Косаева Б. - бастауыш сынып мұғалімі
ІІ орын – Калкеева Н. – қазақ тілі пән мұғалімі
ІІІ орын – Догоманова Т.- ағылшын тілі пән мұғалімі
«Білгір» номинациясына - Касенова Н. – математика пән мұғалімі иеленді
«Жаңашыл» номинациясына – Есимханова Г. – биология пән мұғалімі
«Шығармашыл» номинациясына – Тинибаев М. – технология пән мұғалімі
«Ізденімпаз» номинациясына – Елеусизов Б. –денешынықтыру пән мұғалімі
Аудандық «Жыл мұғалімі-2019» - Косаева Б.С. – ІІ орын

«Замануи сабақ – педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші» тақырыбындағы
облыстық үздік сабақтар фестивалі
№ Аты-жөні Пәні Тақырыбы Орын
1 Жаканаев Санат Кызырович дене шынықтыру «Ойын кезіндегі қозғалыс үйлесімділігін дамыту» 3
2 Рымбаева Заурехан Адилхановна қазақ тілі «Ас – адамның арқауы» сертификат

2018-2019 оқу жылында коучингтер саны: 21
Тәрбие жұмысының жылдық есебі
Мақсаты: Жас ұрпақты тәрбиелеуде қазақстандық жеке тұлғаның өзін-өзі тануына, әлеуметтенуіне, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интелектуалды және шығармашылықпен дамуына жағдай жасау.
Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасында нақтыланған
8 бағыты бойынша атқарылған жұмыстар
1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық, құқықтық тәрбие бойынша
61 іс-шара өткізілді. «Бақытты балалық шақ», 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған жарыстар, «Қауіпсіз дөңгелек» бойынша ұйымдастырылған жарыстарға оқушылар белсене қатысып, 42 оқушы мектепішілік марапаттармен марапатталды.
2. Рухани адамгершілік тәрбие бойынша 36 іс-шара өткізілді.
«Қарттарым – асыл қазынам, « Ұстаздарды ұлықтайық», « Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты мерекелік іс-шараларға оқушылар белсенді қатысты. 1 наурыз Алығс айту меркесінде ұйымдастырылған қабырға газеті байқауында 3 сынып мадақталса, эссе байқаулары негізінде 10 оқушы марапатталды.
3. Ұлттық тәрбие бойынша 15 іс-шара өткізілді. «Тілдер мерекесі»
барысында ұйымдастырылған мәнерлеп оқу байқауы, мақал-мәтел сайысы, жұмбақ сайысы, фестиваль барысында 43 оқушы мадақтамамен марапатталды.
4. Отбасы тәрбиесі бойынша 26 іс-шара өткізілді. «Менің отбасым»
қабырға газеті, «Отбасы сағаты» республикалық байқау барысында ұйымдастырылған шараларға оқушылар белсенді қатысып, 27 оқушы марапатпен марапатталды.
5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие бойынша 29 іс-шара өткізілді. «Мамандығым мақтанашым,» «Табиғатты аялайық», «Аппликациялар» байқаулары ұйымдастырылды.
6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие бойынша 18 іс-шара
өткізілді. «Алтын күз», «Мектеп аруы» т.б. байқаулары өткізілді. Нәтижесінде әр сынып мадақтамамен марапатталды.
7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениеттік тәрбие бойынша 18 іс
шара өткізілді. «Кітаптар әлеміне саяхат» т.б. сурет, көрме байқаулары ұйымдастырылды. Нәтижесінде оқушылар мектепішілік мадақтамамен марапатталды.
8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты бойынша 28 іс- ашара өткізлді
«Біз спортпен доспыз», «Денсаулықты сақтайық», Есірткісіз болашақ» т.б. басқа жарыстар өткізілді. Жарыс нәтижесінде оқушыларымыз аудандық, облыстық, мектепішілік марапаттарға ие болды.
8 бағыт бойынша атқарылған жұмыстар уақытылы өз деңгейінде жүргізілді.
Мектебімізде «Жас Ұлан», «Жас Қыран» өзін-өзі басқару ұйымы мектепте өтіп жатқан барлық мерекелік, жалпы мектеп өмірінде болып жатқан іс-шараларға белсене қатысты.
Оқушылар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәдениетін қалыптастыру бойынша «Адал ұрпақ» мектепішілік клубы ай сайын іс-шара өткізіп отырды.
«Полицияның жас көмекшілері», «Жас құтқарушылар» , «Сырғалым»
қыздар клубы, «Достық» ұлдар клубы жұмыстары жыл басында іс-шара жоспары бекітіліп, жоспар бойынша іс-шаралар уақытылы жүргізіліп, оқушылар осы ұйымдарға мүше болғанына мақтанышпен қарап, мектепте тәртіп бұзушылық, құқықбұзушылық әрекеттері орын алмады.
Аудандық ХҮ-ші Дельфийлік ойындар өткізіліп, нәтижесінде біздің мектеп ІІІ орын алды.
Сонымен қатар «Жас құтқарушылар» клубы аудан бойынша сайысқа қатысып, ІІІ орынға ие болды. 10-11 сыныптар арасында «Жас Ұлан» әскери- спорттық ойын ұйымдастырылып, өткізілді. Аудандық Азаматтық қорғау күніне арналған іс-шаралар өтті. Аудандық «Үздік командир» жарысына Дарубай Бекзат қатысып, жүлделі 3 орын алды. 10 сыныптарда 30 сағат дала оқу-жиыны өтті.
Биылғы оқу жылында кітапханада 500 оқырман болды. Жалпы кітап қоры 13 605 дана. Көркем әдебиет саны-3315. 6980 дана кітап берілді. 8100 оқырман келді.
Мектептің материалдық –техникалық базасын жаңарту керек.


Тыңдалды: Қамқоршылық кеңес мүшесі С.Косаева :
Мектептің оқу-тәрбие жұмысының жылдық жұмысын тыңдай
келе барлық жұмыстар өз деңгейінде жүргізілді. Мектептің осындай үздік, шығармашыл ұстаздары көп болсын деп тілек айтты Келесі оқу жылындада нәтижелі жұмыстар өз жалғасын тапсын деген ұсыныс айтты.


Шешім қабылданды:
1.Мектептің оқу-тәрбие жұмысының жылдық есебі қанағаттанарлық деп бағалансын




Қамқоршылық кеңес төрағасы А.Абдульдинова

Хатшы: Б.Шалова


Қамқоршылық кеңес мүшелері М.Дуанов
Ж.Хусайнова
Қ.Абдугалиева
С.Есполова
А.Алимбаев
М.Мақатаев
С.Косаева
Қ.Абдульдаев

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив