Облыстық шебер-сынып 2026 жыл
2026 жылдың 26 наурыз күні Талдықорған қаласында өткен «Мектеп директорының оқу жұмысы, әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарларына арналған белсенді топ шебер-класс алаңы» байқауының облыстық кезеңінде ауданымыздың командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Бұл жетістік – кәсіби шеберлік пен шығармашылық ізденістің, өзара ынтымақтастық пен жауапкершіліктің айқын көрінісі. Команда мүшелері өз тәжірибелерімен бөлісіп қана қоймай, білім беру үдерісіндегі заманауи тәсілдерді тиімді қолдана білетіндігін дәлелдеді.
Белсенді топ құрамында:
– Шалова Балжан Богембаевна – Екіаша ОМ;
– Ибраева Асель Ертулеувна – Екіаша ОМ;
– Мусабаланова Іңкәр Тлеуқанқызы – Черкасс ОМ;
– Кенжембетова Динара Шакармановна – №54 ОМ;
– Қажиев Мейірім Серікқалиұлы – Көкөзек ОМ.
Әріптестерімізді осы жарқын жетістіктерімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа белестерді бағындыруларына тілектеспіз!