14
декабрь
2017
Қоныс той, қыз ұзату, тұсау кесу және басқа көріністер мен қойылымдар
Мектеп ұжымы ауыл мен мектеп тарихынан сыр шертер «Ел таныған тұлғалар» атты ауылымыздан түлеп ұшқан қоғам қайраткерлері, актер,балуан,ақын,дизайнер т.б маман иелері туралы көрме ұйымдастырды.Киіз үй тігіліп қазақ және орыс ұлттарының тұрмысы мен тіршілігінен көріністер, «қоныс той» көрінісін көрсетті. Ұлттық дастарқан мәзірі жайылып, жиналған қауым ауыз тиісті.