Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Заңы » Екіаша орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі" ММ
"Екіаша орта мектебі" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(701) 138-33-88
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Заңы
05
февраль
2018

Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Заңы

Қазақстан Республикасындағы
тiл туралы Заңы
[center][/center]
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңы 1997 жылғы 11 шiлдеде қабылданды. Осы Заңы 4-шi бабында: Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Сонымен бiрге, Үкiмет, мемлекеттiк органдар мемлекеттiк тiлдi яғни қазақ тiлiн барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға және қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы мен дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi деп көрсетiлген.
Аталған Заңның 1-шi бабында диаспора деген терминге «өзiнiң тарихи шығу тегiнен тысқары елде тұрып жатқан халықтың бiр бөлiгi (этникалық қауымдастық)» деген түсiнiктеме берiлген, яғни шет елдерде тұрып жатқан бiздiң қандас бауырларымыз. Қазақ халқы өзiнiң тарихи отанында тұрып ақ, ешқандай қуғын-сүргiнсiз ана тiлi мәселесiне келгенде диаспораға айналды. Тiл туралы Заң қабылданғаннан берi, оны жүзеге асыру үшiн Қазақстан Үкiметi бiрқатар қаулылар қабылдады. Атап айтқанда, 1998 жылғы 14 тамызда «Мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту туралы», Елбасының 1998 жылғы 5 қазаңдағы № 4106 Жарлығымен бекiтiлген «Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы» тағы басқалары. Бас-аяғы 4-5 жылдың iшiнде тiл жөнiнде 17 құжат қабылданыпты. Қаншама жетiлген заңдар, бағдарламалар қабылданғанмен, оны iске асыратын адамдар. Әрбiр қазақ азаматының бойында өзiнiң ана тiлiне деген құрмет, оның кұдыретiне бас июшiлiк сезiмi қалыптаспайынша, қазақ тiлiнiң көсегесiн көгерту қиын. Орыс халқының тектi тұқымының бiрi - режиссер Андрей Кончаловский «Гомердiң «Одиссеясын» толық түсiну үшiн, арнайы грек тiлiн үйрендiм» дегенде, 20-шi ғасырдың Гомерi атанған Жамбылдың жырын, Абайдың өлеңiн, Әуезовтың прозасын түсiну үшiн, мен арнайы қазақ тiлiн үйрендiм деп айтатын күн туарма екен деп ойлаймыз. Ана тiлiнде бiр кiтап оқымай ақ, ел басқарып жүрген азаматтар аз емес. Әр халықтың ана тiлi - оның жаны, халқының қайталанбас үзiндiк кейпi, ұлттық болмыс-бiтiмiнiң бейнесi, ғасырлар бойы жинақтаған рухани байлығының көзi, iшкi жан дүниесiнiң өзiне ғана тән құпиясы. Кезінде Гегель өзiнiң «Эстетикасын» француздардың аударып жатқанын естiгенде, менiң ойларымды жеткiзуге олардың тiл байлығы жетер ме екен деп күмәнданған екен. Мемлекеттiк қызметшiлердiң арасында қазақ тiлi iс қағаздарын жүргiзуге қолайсыз тiл, тиiмдi ойды жеткiзе алмайды деген кереғар пiкiр қалыптасқан. Оларға менiң айтпағым, Мұхтар Әуезовтың жиырма томдық шығармалар жинағының, қазақ тiлiн зерттеушiлердiң, жазушының сөздiк қорында 29.483 сөз бар екенiн, сонын iшiнде таза қазақ сөздерiнiң ұзын саны 23.740, қалғаны кiрме сөздер екенiн анықтағанын, салыстыру үшiн айтқанда, А.С.Пушкин шығармаларында 21.197, ал Шекспир шығармаларында 15.000 сөз бар екенi анықталған - ғылыми дерек. Орыс тiлiнiң Академиялық 4 томдық түсiндiрме сөздiгiнде сексен мыңнан аса сөз болса, ал қазақтың түсiндiрме сөздiгiн жасау қолға алынған 50-шi жылдардың орта тұсында 350 мыңдай тіл сезiмiз бен тiркесiмiздiң тiзiмге алынғаны белгiлi жәйiттер. Мұның бәрiн талдап жатқанымыз, ұлттық өзiмшiлдiктi ояту емес, «Тауларды аласартпай, даланы қастерлейiк» деген бiртуар азамат ақын Олжас сияқты, өзге тiлдi кемсiтпей, көкiрегi ояу, саналы азаматтарға ой салғым келгендiктен айтып тұрмын. Тағдырдың талай тауқыметiн тартсадағы қазақ халқы өз тiлiнiң тұтастығы мен тұнықтығын сақтай бiлген, бiздiң тiл сорлы тiл емес, кадеге жарата бiлсек, құдыретті тiл. Қаһарман жерлесiмiз Бауыржан Момышұлы 1944 жылы Москва түбiнде шайқасып жүрiп, сол кездегi Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетiнiң хатшысы Әбдiқалықов жолдасқа «қазақ тiлi туралы пiкiр» атты хатында «Тiлсiздi айуан дейдi. Тiлi кедей елдi мәдениетсiз, анайы, надан халық деп санайды. Қазақ тiлi еш уақытта өзiмен көршiлес халықтың тiлдерiнен сорлы болып, қатардан қалып өмiр сүрмегендiгi мыңдаған жыл тарихында айқындалған емес пе едi» деп жазған екен. Батыр Баукең айтып кеткен тiл мәселесi - әлi сол күрделi күйiнде қалып отыр. Тiл туралы Заңның 9-шы бабында «Мемлекеттiк органдардың актiлерi мемлекеттiк тiлде әзiрленiп, қабылданады, қажет болған жағдайда, мүмкiндiгiнше, басқа тiлдерге аударылуы қамтамасыз етiле отырып, оларды әзiрлеу орыс тiлiнде жүргiзiлуi мүмкiн» делiнген. Осы қағидаға сәйкес, орыс тiлiнде ойлап, жазуға дағдыланған мемлекеттiк қызметшiлер, еш уақытта басын ауыртып, қазақ тiлiнде құжат дайындамасы - өмiр шындығы. Қазiргi кезде, мәртебелi мекеменiң бәрiнде аудармашылар бар, саны бар да, сапасы жоқ, үйткенi аудармашылық сирек дарын, өнердiң төресi, екiнiң бiрi жақсы аудармашы бола алмайды. Сондықтан, ресми органдардың аударма құжаттарын, орысша мәтiнiнсiз түсiну тiптi мүмкiн емес. Осының бәрi айналып келгенде қазақ тiлiнде iс жүргiзуге қолбайлау болып тұр Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, менiң төмендегiдей ұсыныстарым бар: 1. Мемлекеттiк органдарда iс қағаздарын жүргiзуде қос тiлдiлiктен, бiр тiлдiлiкке, яғни қазақ тiлiнде жүргiзуге көшу керек. Ол үшiн тiл туралы Заңның тиiстi баптарына өзгерiс енгiзу қажет. 2. Ата Заңымыздың 7-шi бабының «Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады» деген 2-шi тармағын алып тастау қажет. 3. Тiл туралы Заңның 24-шi бабында «Қазақстан Республикасының тiл туралы Заңының бұзылуына кiнәлi мемлекеттiк органдардың, кез келген меншiк нысанындағы ұйымдардың 1-шi басшылары, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жауапты болады» делiнген. Заңның осы қағидасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қажет. 4. Аталған Заңның 25-шi бабына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң биылғы жылғы 8-шi қаңтардағы №16 Қаулысымен бекiтiлген Ережеге сәйкес, тiлдер туралы Заңдардың сақталуына бақылау жасауды өз әөзыретiнiҰ шегiнде Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық келiсiм Министрлiгi жүзеге асырады. Осы Ережеге сәйкес облыстық аәпарат және қоғамдық келiсiм Департаментi, прокуратура органдарымен бiрiгiп, тiл туралы Заң талаптарының орындалуына дЎйектi тұрде бақылау жасауды қамтамасыз ету керек. 5. Мемлекеттiк органдарда бос лауазымдарға қызметкерлер қабылдағанда, олардың бiлiктiлiк талаптарының тiзбесiне мiндеттi түрде қазақ тiлiнде iс қағаздарын жүргiзе алатындығы енгiзiлуi тиiс. Сайып келгенде, кемеңгер жазушымыз Ғабит Мұсiрепов айтқандай «Сол тiлдi жасаған, жасап келе жатқан халықтық баяғысын да, бүгiнгiсiн де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгiлiгiнiң мәңгiлiк белгiсi - Ана тiлiн тек Өгей ұлдары ғана менсiнбейдi, Өгей ұлдары ғана аяққа басады» деген екен. Ана тiлiмiздiң Өгей ұлдары емес, Өзегiн жарып шыққан туған ұлдары болайық дегiм келедi, құрметтi ағайын.
ҚР БІЛІМ ТУРАЛЫ ЗАҢЫ
Заңға қол қойылған күн: Астана. Ақорда. 2007ж. 27 шілде. №319-ІІІ ҚРЗ.

ҚР Білім туралы жаңа Заңы бәсекеге қабілетті отандық білім беру жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Жаңа заңның құрылымы білім беру саласын модернизациялауды жүзеге асырудың, оның академиялық мазмұнын жаңартудың, субъектілердің құқықтық ережелерін жақсартудың жалпы концептуалды бағыттарын толық қамтып тұр.
Бұл Заң Қазақстанда білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген міндеттерді шешу үшін қажет.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» жаңа Заңы дәл осы бәсекеге қабілетті отандық білім беру жүйесін қалыптастыруға бағытталған.
Ол республикадағы жетілдірілген жаңа білім беру ортасын қалыптастырудың концептуалдық идеясына сәйкес құрылған. Білім беру қызметі іштей жүйелендіріліп, оның барлық аспектілері құрылымға бағындырылған, қисындық сабақтастыққа сәйкес заңның мазмұнынан көрініс тапқан. Заң «білім беру жүйесі» ұғымы мен оны құрайтын білім беру деңгейлерінің анықтамасынан басталады. Одан әрі әр түрлі деңгейдегі оқу бағдарламалары арқылы білім берудің мазмұны ашылады. Келесі кезекте білім беруді ұйымдастыру, білім алушыларға қойылатын талаптар, қабылдау ережелері, оқу түрлері, білім берудің оқу, тәрбие, ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыс сияқты түрлі бағыттары сипатталады. Сондай-ақ білім беру деңгейлері мен оларға сәйкес келетін білім беру ұйымдарының түрлеріне сипаттама беріледі.
Білім беру қызметінің субъектілері, олардың құзыреттері, құқықтары, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің және олардың ата-аналары, басқа да заңды өкілдерінің міндеттері мен жауапкершіліктері жеке тарауға бөлініп берілген.
Заң құрылымындағы маңызды жаңалықтар дың бірі – педагогикалық қызметкердің мәртебесі туралы норманың енгізілуі. Бұрынғы заңда педагогикалық қызметкердің мәртебесі туралы бірде-бір сөз айтылмаған еді. Одан кейін білім саласын басқарудың мазмұны ашып көрсетілген. Онда білім беру саласындағы мемлекеттік басқару мен мемлекеттік билік субъектілерінің құзыреттері жазылған. Заңның осы бөлігінде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің құзыреті жеке бап түрінде беріліп отыр. Елбасы білім жүйесіне айрықша назар аударуымен қатар, білім саласын дамыту мен реформалауға қатысты көптеген шаралар оның бастамасымен, тікелей басшылығымен жүзеге асырылып отырғандықтан, осылай болуы орынды да.
Ал енді заң қандай міндеттерді атқарады деген ге келсек, жаңа қабылданған ҚР-ның «Білім туралы» Заңы мынадай міндеттерді шешуге:
1)әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуге (интеграцияға);
2)педагог қызметкерлердің мәртебесін көтеруге;
3)сапалы білім берудің қол жетімділік кепілдігін көтеруге;
4)басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді.
ҚР-ның «Білім туралы» Заңына сәйкес Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне кіру міндеті:
- білім берудің құрылымы мен мазмұнын жаңарту;
- оқыту технологиясын жетілдіру;
- білім беру сапасының ұлттық бағалау жүйесін дамыту жолдары арқылы шешіледі.
Заңның жаңа редакциясының тағы бір үлкен ерекшелігі – Білім беру құрылымының халықара лық білім сыныптамасы стандарттарына сәйкестендірілуі. Яғни, нақтырақ айтқанда, сөз болып отырған заңда Білім беру құрылымы ЮНЕСКО ұсынған 1997 жылғы Халықаралық білім сыныптамасы стандарттарының (ХБСС–1997) білім беру бағдарламалары сыныптамасы ның өлшемдеріне сәйкестендірілді.
Бұрынғы заңда – 4 деңгей (мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта білім, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім) болса, жаңа заң – 7 деңгейден (бастауыш, негізгі орта білім, орта білімнен кейінгі білім сынды жаңа деңгейлер енгізіл ді) тұрады.
Білім беру мазмұнының өзі жоғарыда аталған білім беру бағдарламаларын ғана емес, сондай-ақ білім берудің арнаулы, арнайыландырылған оқу бағдарламаларын, қосымша білім берудің оқу бағдарламалары мен ересектерге арналған бағдарламалардың да жүзеге асырылуын қарастырады.
Осылайша білім берудің парадигмасы «өмір бойына алған білімнен» қажеттілік пен мүмкіндікті сезінуге «бүкіл өмір бойы білім алуға» дейін өзгеріп отыр. Осы парадигмаға сәйкес білім берудің жаңа технологиялары мен әдістемелері, білімді өзгелерге жеткізу мен білім алушылардың уәжін дамытудың жаңа тәсілдері енгізіледі.
Атап айтуды қажет ететін тағы бір жаңалық – заңнамалық деңгейде 12 жылдық орта бі лімге көшу қаматамасыз етілді. 2008 жылдан бастап 12 жылдық оқыту жүзеге асырылады. Заңда 12 жылдық білімнің құрылымы анықталды. Ол:
- бастауыш білім – 4 жыл, 1- 4-сыныптар аралығы;
- негізгі орта білім – 6 жыл, 5 -10-сыныптар аралығы;
- жалпы орта білім – 2 жыл, 11-12-сыныптар аралығы.
1-тарау. Жалпы ережелер.
1-бап (1-61):
2-бап(1-2):
3-бап(1(1-10) – 2):
2-тарау.Білім беру жүйесін басқару.
4-бап(1-23):
5-бап(1-44):
6-бап(1(1-2)-2(1-22)-3(1-25)-4(1-19)-5(1-2)):
7-бап(1-2):
8-бап(1-4(1-4)-5-6-7-8):
Білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер
1. Мемлекет білім алу құқығын білім беру жүйесін дамыту, оның жұмыс істеуінің құқықтық негізін жетілдіру және Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес білім алу үшін қажетті әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз етеді.
Білім беру сапасын мемлекеттік бақылау білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін жасау және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекет Қазақстан Республикасы азамат¬тарының тегін мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алуын, сондай-ақ егер азамат осы деңгейлердің әрқайсысында бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы
жоқ адамдардың білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматта¬рымен бірдей мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, егер олар осы деңгейлердің әрқайсысында бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға құқық беріледі.
Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсы¬рысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарт¬тарымен айқындалады.
3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік емес білім беру кредиттерін дамыту үшін жағдайлар жасалады.
Мемлекет екінші деңгейдегі банктер беретін білім беру кредиттерінің кепілдік жүйесін құру және білім беру кредиттері бойынша талап ету құқықтарын иелену арқылы екінші деңгейдегі банктерді қайта қаржыландыру жөнінде шаралар қабылдайды.
4. Мемлекет әлеуметтік көмекке мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарын олардың білім алуы кезеңінде қаржылау шығыстарын толық немесе ішінара өтейді.
Әлеуметтік көмек көрсетілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының санатына:
1) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
2) даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүге¬дектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;
3) көп балалы отбасылардың балалары;
4) Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын азаматтардың өзге де санаттары жатады.
Әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін және беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
5. Денсаулық жағдайына қарай ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдарға бара алмайтын азаматтар үшін үйде немесе емдеу ұйымдарында тегін жеке оқыту ұйымдас-тырылады.
6. Мемлекет даму мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың білім алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасауды қамтамасыз етеді.
7. Мемлекет тұрғындар саны аз елді мекендерде тұратын балалардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алу құқықтарын қамтамасыз ету үшін шағын жинақты мектептер мен интернат ұйым-дарының жұмыс істеуіне кепілдік береді.
8. Мемлекет Қазақстан Республикасының дарынды азаматтарының элитарық білім, оның ішінде шетелде білім алуына қажетті жағдай жасайды.
9-бап:(1-4):
3-тарау. Білім беру жүйесі.
10-бап(1-3):
11-бап: (1(1-13)):
12-бап(1-7):
4-тарау. Білім беру мазмұны.
13-бап:
14-бап(1(1-3)-2(1-4)-3(1-4)- 4-5-6-7-8-9):
15-бап(1-2(1-2)-3):
16-бап(1-3):
17-бап(1-2(1-3)-3-4-5):
18-бап:
19-бап(1-3):
20-бап(1-2(1-2)):
21-бап(1-6):
22-бап(1-3):
23-бап(1-2(1-3)):
24-бап:
25-бап:
5-тарау. Білім беру қызметін ұйымдастыру.
26-бап(1-5(1-2)-6-7-8(1-5)-9-10-11-12-13):
27-бап:
28-бап(1-10(1-2)-11):
29-бап(1-3):
30-бап(1-3):
31-бап(1-3):
32-бап(1-2):
33-бап:
34-бап:
35-бап(1-4):
36-бап(1-3(1-2)-4-5):
37-бап(1-3):
38-бап(1-5):
39-бап(1-4):
6-тарау. Білім беру қызметінің субъектілері.
40-бап(1-5):
41-бап(1(1-6)-2-3):
42-бап(1-2):
43-бап(1-3(1-17)):
44-бап(1-9):
45-бап(1-3(1-6)):
46-бап:
47-бап(1-3(1-12)-4-(1-3)-5-6-7-8-9-10-11-12-13-14-15-16-17-18):
48-бап(1-6):
49-бап(1(1-5)-2(1-4)):
7-тарау. Педагог қызметкерлердің мәртебесі.
50-бап(1-2):
51-бап: (1-2(1-12)-3. Педагог қызметкер:(1.Өзінің кәсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағды ларын меңгеруге;2.Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талап тарына сәйкес көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге; 3.Білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;4.Білім алушы лардың өмірлік дағдыларларын,
біліктіліктерін, өздігінен жұмыс істеуін, шы ғармашылық қабілеттерін дамытуға; 5.Өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашы лық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы же тілдіріп отыруға; 6.Бес жылда кемінде 1 рет аттестаттаудан өтуге; 7.Педагогтік әдеп нор маларын сақтауға; 8.Оқушылардың, тәрбие ленушілердің және олардың ата-аналарының абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.).Міндеттері мен педагогтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін педагог қызметкер ҚР-ның заңдарында және еңбек шартында көзделген жауаптылыққа тартылуы мүмкін.-
4.ҚР-ның заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда,педагог қызметкерлерді өздерінің кәсіптік міндеттерін орындаумен байланысы жоқ жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейді. -
5.Білім беру ұйымдарында жұмыс істеуге педагогтік қызметіне сот үкімімен н/се мед/лық қорытындымен тыйым салынған адамдар, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген н/се алынбаған соттылығы бар адамдар жіберілмейді.)
52-бап(1-7(1-3)-8(1-3)):
Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі
1. Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызмет¬керлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады.
Мемлекеттік емес білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес олардың құрылтайшылары немесе оған уәкілетті адам айқындайды.
2. Бюджет қаражаты есебінен қаржылан¬ды¬рылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызмет-керлеріне жалақыны есептеу ережесін еңбек саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
3. Білім беретін мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың педагог қызметкер¬лерінің лауазымдық айлықақысы, қосымша ақылар мен үстеме ақылар, сондай-ақ ынталандыру сипатындағы басқа да төлемдер Қазақстан Респуб¬ликасының заңнамасымен айқындалады.
4. Білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне ауылдық жерде жұмыс істегені үшін, сынып жетекшілігі үшін, дәптерді, жазу жұмыстарын тексергені үшін, оқу кабинеттеріне меңгерушілік еткені, пәндерді тереңдетіп оқытқаны, эксперимент режимінде жұмыс істегені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қосымша ақы және басқа да төлемдер төлеу жүргізіледі.
5. Ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орын¬дарының профессор-оқытушылар құрамы мен басшы қызметкерлерінің лауазымдық айлықақысы арт¬тырылып отыратын коэффициентті ескере отырып айқындалады.
6. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне тиісті дипломы бар болған кезде негізгі жұмыс орны бойынша:
философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор дәрежесі үшін бір айлық ең төменгі жалақы мөлшерінде;
ғылым кандидаты дәрежесі үшін бір айлық ең төменгі жалақы және ғылым докторы дәрежесі үшін екі айлық ең төменгі жалақы мөлшерінде қосымша ақы белгіленеді.
7. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне айлық жалақыны есептеу үшін аптасына нормативтік оқу жүктемесі:
1) 18 сағаттан аспайтындай:
бастауыш білім беру ұйымдары үшін;
негізгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін;
білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымдары үшін;
мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдары үшін;
2) 24 сағаттан аспайтындай:
мектепке дейінгі ұйымдар және мектепке дейінгі тәрбие берудің мектепалды топтары және білім беру ұйымдарының мектепалды сыныптары үшін;
балалар мен жасөспірімдердің спорттық білім беру ұйымдары үшін;
3) 30 сағаттан аспайтындай интернаттық ұйымдардың, демалыс лагерьлерінің, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары жатақханаларының тәрбиешілері үшін белгіленеді.
Жоғары оқу орындарын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарында педагог қызметкерлердің лауазымдық міндеттеріне (біліктілік талаптарына) қатысты нормативтік оқу жүктемесін білім беру саласындағы уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Жоғары оқу орындары профессор-оқытушылар құрамының жылдық оқу жүктемесі жұмыс уақытының жылдық нормасының шегінде белгіленеді және ғылыми кеңестің шешімі негізінде жоғары оқу орнының басшысы бекітеді.
8. Мемлекеттік тапсырысты айқындау кезінде мемлекеттік жоғары оқу орындары профессор-оқытушылар құрамының жалпы саны мынадай орташа арақатынасты негізге ала отырып есептеледі:
1) студенттер мен оқытушылар (бір оқытушыға шаққандағы студенттердің орташа саны) тиісінше:
күндізгі оқу нысаны үшін - 8:1 (медициналық жоғары оқу орындары үшін - 6:1);
кешкі оқу нысаны үшін - 16:1;
сырттай оқу нысаны үшін - 32:1;
2) магистранттар және оқытушылар - 4:1;
3) докторанттар және оқытушылар - 3:1.
53-бап(1(1-2)-2(1-3)-3(1-3)):
Әлеуметтік кепілдіктер
1. Педагог қызметкерлер мынадай:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй, оның ішінде қызметтік үй және (немесе) жатақхана;
2) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызмет¬керлері үшін ұзақтығы күнтізбелік 56 күн; оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызмет-керлері үшін - күнтізбелік 42 күн ақы төленетін жыл сайынғы демалыс алудың әлеуметтік кепілдіктерін иеленеді.
2. Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне жергілікті өкілді орган-дардың шешімі бойынша:
1) қала жағдайында педагогтік қызметпен айналысатын педагог қызметкерлердің ставкаларымен салыстырғанда айлықақылар мен тарифтік ставкалар кемінде жиырма бес процентке арттырылып белгіленеді;
2) коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыс¬тарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша белгіленетін мөлшерде бюджет қаражаты есебінен біржолғы ақшалай өтемақы төленеді;
3) жеке меншігінде малы барларға ауыл¬шаруашылық ұйымдарының қызметкерлерімен бірдей, жемшөп, малын жаю және шөп шабу үшін жер учаскелері беріледі.
3. Білім беру ұйымдарының педагог қызмет¬керлеріне жыл сайын тиісті бюджет қаражаты есебінен:
1) оларға кезекті еңбек демалысын беру кезінде мемлекеттік білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасымен айқындалған мөлшерде күнтізбелік жылда бір рет сауықтыруға жәрдемақы;
2) “Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы” атағын иеленушіге айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерінде мемлекеттік грант;
3) “Үздік педагог” атағын иеленушіге айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінде мемлекеттік грант төленеді.
8-тарау.Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу.
54-бап(1-2):
55-бап(1-3):
56-бап(1(1-3)-2):
57-бап(1-5):
58-бап(1-4):
59-бап(1-2(1-2)-3(1-3)-4(1-3)-5-6(1-2)-7-8-9(1-3)-10-11-12-13-14-15-16):
60-бап(1-2(1-2)-3(1-6)-4):
9-тарау.Білім беру жүйесін қаржылық қамтамасыз ету.
61-бап(1-2(1-5)-3(1-5)):
62-бап(1-5(1-3)-6-7-8):
63-бап(1-3(1-9)-4-5-6):
64-бап(1-3):
10-тарау.Білім беру саласындағы халықаралық қызмет.
65-бап(1-5):
66-бап(1-3):
11-тарау.Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
67-бап:ҚР-ның білім беру саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық.
ҚР-ның білім беру саласындағы заңнамасын бұзу ҚР-ның заңдарына сәйкес жауаптылық қа әкеп соғады.
12-тарау.Қорытынды ережелер.
68-бап:
1.Осы заң, 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 8-баптың 2-тармағы ның екінші бөлігін, 52-баптың 6-тармағының екінші абзацын, 7-тармағы 1)тармақшасы ның екінші және бесінші абзацтарын, 8-тармағының 2),3) тармақшаларын және 53-бап тың 3-тармағының 1),3) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
2.Білім беру ұйымдарына осы Заң қолданысқа енгізгенге дейін оқуға түскен адамдар оқуға түскен кезде қолданыста болған білім беру бағдарламалары б/ша оқуын бітіріп, оларға білім туралы белгіленген үлгідегі құжат беріледі.
3. «Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы ҚР-сы Заңының (ҚР Парламентінің Жаршы сы,1999ж.№13,429-құжат;№23,927-құжат; 2001ж.№13-14,173-құжат; №24,338-құжат; 2004ж.№18,111-құжат;№23,142-құжат, 2006ж.№1,5құжат; №3,22-құжат; №12,71-құжат; №15,92-құжат; 2007ж.№2,18-құжат; №9,67-құжат) күші жойылды деп танылсын.

Похожие публикации:

05 февраль 2018 Мектеп тарихы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив