16
апрель
2018
«Мектеп Аруы-2018»
Қыз баланы ақылды да ибалы, сұлу да әдепті , мейірімді де қайырымды етіп, адамгершілікке , имандылыққа тәрбиелеу мақсатында 1-4, 5-7, 8-10 сыныптар арасында «Мектеп аруы-2018» байқауы өткізілді. Атамыз қазақ ерте заманнан- ақ ұрпақ өсіріп , оны тәрбиелеу ісіне ерекше назар аударған. Әсіресе қыз балаға аса көңіл бөлген оны ақылды да ибалы , сұлу да әдепті, мейірімді де қайырымды етіп, адамгершілікке , имандылыққа тәрбиелеген. Сонымен бірге «Қыз -қонақ », «Қыз өссе- елдің көркі» , «Қызды қырық үйден тыю » деген мақал- мәтелдер бекер айтылмаса керек. «Мектеп аруы-2018» байқауының да көздеген мақсаты да осындай асыл қасиеттерді ару қыздарымыздың бойынан байқап көру. «Мектеп аруы -2018» байқауына мектептің алты оқушы қыздарымыз қатысты.