Екіаша орта мектебі 9 желтоқсан –Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне өткізілген іс-шараларға ақпарат
ақпарат
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13 қадамын орындау мақсатында тоғызыншы желтоқсан –Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, мектебімізде түрлі іс-шара жоспары жасалып, жоспар бойынша іс-шаралар өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ең бастысы отбасынан, әр адамның санасынан бастағаны абзал.
«Сыбайлас жемқорлықпен күрес көптің ісі» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өтті.
«Қызметтік этика-сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті
қалыптастырудың басым шарты» тақырыбы бойынша ұстаздар арасында семинар-тренинг өтті.
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында оқушылар арасында эссе (шығарма) жазу байқауы ұйымдастырылып, өтті. Нәтижесінде 5-7 сынып оқушылар арасынан І орын Сағымбек Аяулым, ІІ орын Уралбек Камила, ІІІ орын Адилбекова Қарақат және Беймұхамбет Елдос. 8-10 сыныптар арасынан І орын Молдағазиева Зере, ІІ орын Долданбек Аружан,ІІІ орын Тасыбек Гүлзат жеңімпаз болып, марапатталды.
5-10 сыныптар арасында «Қоғамдағы жат көріністер», 1-4 сыныптар арасында «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыпта сурет байқауы ұйымдастырылып жеңімпаздар анықталды.
5-10 сыныптар арасынан І орын Ергембай Данияр, Ахметқазы Камшат, Молдағазиева Амина, ІІ орын Серікбайқызы Жұлдыз, Жетпісхан Нұрила, Абуталип Жансая, ІІІ орын Ахметқазы Меруерт, Уралбек Камила, Қызыров Дияр. 1-4 сыныптар арасынан І орын Қанат Нұрай, Даулетжан Айдана, ІІ орын Дулатқызы Ақмарал, Ақыбай Нұрбол, ІІІ орын Тұрсынбай Дина, Ахметқазы Назерке, Дюсенбек Нұрай марапатталды.
Сонымен қатар волейбол, шахмат, дойбыдан жарыстар ұйымдастырылып өткізілді.