10
ноябрь
2017
Ауылым - алтын бесігім
Ауылым - алтын бесігім
Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру » мақаласының «Туған жер» атты бағдарламасын іске асыру мақсатында Екіаша ауылдық округінде 19 қазан күні мәдениет үйінде ауыл күніне арналған іс- шарасы ұйымдастырылды.Шараның өтуіне ауыл әкімдігі,мектеп ұжымы,балабақша ұжымы,Жоңғар Алатауы табиғи ұлттық паркі қызметкерлері,аурухана, Тополевка орта мектебі ,мәдениет үйі қызметкерлері жұмыла атсалысты.
Іс- шараны Екіаша ауылдың округі әкімі Естеуов М.К. құттықтау сөзімен ашып, шуақты да мерейлі бұл күннің берері мол екенін атап өтті.Бұл айтулы күнге әр мекеме ұжымы тыңғылықты дайындықпен келгендерін байқатты.Мектеп ұжымы ауыл мен мектеп тарихынан сыр шертер «Ел таныған тұлғалар» атты ауылымыздан түлеп ұшқан қоғам қайраткерлері, актер,балуан,ақын,дизайнер т.б маман иелері туралы көрме ұйымдастырды.Киіз үй тігіліп қазақ және орыс ұлттарының тұрмысы мен тіршілігінен көріністер, ұлттық дастарқан мәзірі жайылып, жиналған қауым ауызтиісті.Балабақша ұжымы да жас бүлдіршіндерді тәрбиелеудегі атқарып жатқан жұмыстарының жемісті тұстарын бейнелейтін, көз тартар көрмелерімен көпшіліктің көңілінен шықты. Жоңғар Алатауы табиғи ұлттық паркі қызметкерлері сан алуан Екіаша жерінің табиғатын сомдайтын көрмесімен көрерменді баулыса, ауылдық аурухана ұжымы ауылымызды құнарлы топырағынан өсіп шыққан бақша өнімдерінің түр- түрін көрмеге қойды.Ауылдық округке қарайтын Тополевка орта мектебі ұжымы да осы мерекеден тыс қалмай, орыс халқының ұлттық дастарқаны мен тұрмыстық заттарын көрсетті.Іс –шара барысы алтын бесік- ауылдың қадірін асқақтатқан әсем әнге, күмбірлеген күміс күйге толы концерттік бағдарламаға ұласты.Аудандық,ауылдық мәдениет үйі,мектеп,балабақша қызметкерлерінің әуелете салған әндері мен мектеп оқушыларының мың бұралған билері мерекенің сәнін одан әрі аша түскендей болды.Рухани құндылықты жас ұрпақтың бойына сіңіруде ұлттық салт- дәстүрлеріміздің берері мол.Осы орайда , мектеп ұжымы «Қоныс той» дәстүрінен көрініс көрсетсе, ауылдық әжелер алқасының төрайымы Исаева Н.Д.ұйымдастыруымен аяғын енді ғана тәй- тәй басқан Нұрсайындай сәбидің тұсауын кесіп «Тұсау кесер» рәсімін халыққа паш етті.Танымы мен тағылымы мол іс- шараның өтуіне мұрындық болған ауылдық әкімшілік,мекеме –ұжым басшыларына,бір кісідей ат салысқан мектеп пен балабақша , аурухана, Жоңғар Алатауы табиғи ұлттық паркі қызметкерлері ұжымына, мәдениет үйі қызметкерлеріне айтар алғысым шексіз.Ауылдың өсуі мен өркендеуіне қосқан еңбектеріңіз жемісті болсын!