Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Екіаша орта мектебі «Қауіпсіз интернет» бойынша жүргізілген іс-шараларға ақпарат

Автор: admin от 9-05-2018, 23:05, посмотрело: 476

13
Екіаша орта мектебі
«Қауіпсіз интернет» бойынша жүргізілген іс-шараларға ақпарат

Екіша орта мектебінде 23 сәуір-5 мамыр аралығында кәмелетке толмағандардың, педагогтар мен ата-аналардың назарына агрессивті интернет мазмұнының әсерінен болатын проблемаларды түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, интернет ресурстарды қолдану мәдениетін,кәмелетке толмағандардың интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты интернет –қызметтерде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату мақсатында жоспары құрылып, іс-шаралар өткізілді.
«Әлеуметтік желінің адамға әсері» деген тақырыпта оқушылар мен ата-аналар және мұғалімдер арасында жиналыс өтті.Балалардың интернеттегі және әлеуметтік желілердегі іс-әрекетіне ата-аналардың бақылауын күшейту мәселелері айтылды.Ата-аналар мен балалар үшін құқықтық жаппай оқыту ұйымдастырылды. Ата-аналарға арналып «Ата-аналар үшін жадынама» таратылды.
«Қауіпсіз интернет» тақырыптарында 2-4 сыныптар арасында сурет байқауы ұйымдасырылса, 5-11 сынып оқушылары арасында қабырға газетін шығарды. Әлеуметтік педагог А.Белимбаеваның ұйымдастыруымен «Интернет және мен» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Оқушылардың интернет желісін пайдаланатындарын айтты. Интернет желісі несімен тиімді немесе тиімсіз? – деген сұрақтар оқушылардың ойын жалғастыру мақсатында слайд арқылы «Қауіпсіз интернет» жайлы ақпараттар айтылды. Қазіргі күні интернет желісін пайдаланбайтын адам баласы жоқтың қасы. Бірақ та осы интернет желісінде жас өспірімдердің қаншалықты уақытын кетіріп, өзге адаммен тілдесіп немесе қауіпті ақпараттарды қарап отырғанын ата – аналары үнемі бақылауда ұстаулары қажет. «Интернет көп жағдайда оқу мен қарым – қатынас үдерісіне жағымды әсер еткенімен, өкінішке орай, желіде балалар үшін өрескел тіпті қауіпті ақпаратта кездесіп жатады. Ата – аналар мен мұғалімдерге балалар мен оқушыларды Интернеттегі белгілі бір мазмұндағы ақпараттың зиянды әсерінен қорғауға көмектесу үшін, сондай – ақ, қазіргі заманғы технологияларды қауіпсіз қолдануға үйрету.Тренинг - сабақ нәтижесінде оқушылар «Қауіпсіз интернет» жайлы жақсы білетіндіктерін атап өтті. Сабақ соңында оқушылар «Қауіпсіз интернет» жайлы өз ойларын білдіріп қорытынды жасай білді. «Интернетте балалардың қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеміз?» деген тақырыпта мұғалімдерге семинар өткізілді.
«Интернет орнына кітап» атты тақырыпта мектеп кітапханашылары біркүндік акция өткізді.
Акцияны мектеп оқушылары «Шынайы өмір – виртуалды әлемнен жақсы» флешмобымен аяқтады.

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

«Мектеп Аруы-2018»

Автор: admin от 16-04-2018, 06:38, посмотрело: 333

19 Қыз баланы ақылды да ибалы, сұлу да әдепті , мейірімді де қайырымды етіп, адамгершілікке , имандылыққа тәрбиелеу мақсатында 1-4, 5-7, 8-10 сыныптар арасында «Мектеп аруы-2018» байқауы өткізілді. Атамыз қазақ ерте заманнан- ақ ұрпақ өсіріп , оны тәрбиелеу ісіне ерекше назар аударған. Әсіресе қыз балаға аса көңіл бөлген оны ақылды да ибалы , сұлу да әдепті, мейірімді де қайырымды етіп, адамгершілікке , имандылыққа тәрбиелеген. Сонымен бірге «Қыз -қонақ », «Қыз өссе- елдің көркі» , «Қызды қырық үйден тыю » деген мақал- мәтелдер бекер айтылмаса керек. «Мектеп аруы-2018» байқауының да көздеген мақсаты да осындай асыл қасиеттерді ару қыздарымыздың бойынан байқап көру. «Мектеп аруы -2018» байқауына мектептің алты оқушы қыздарымыз қатысты.

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!

Автор: admin от 16-04-2018, 06:08, посмотрело: 37

1 Екіаша орта мектебінде наурыз мерекесінің қарсаңында "Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!" атты тақырыпты дөңгелек үстел өткізілді. Әжелер алқасының төрайымы Н.Исаева оқушыларға Наурыз мерекесің шығу тарихы жайында біраз мағұлматтар берді.

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

«Скажи Да жизни!»

Автор: admin от 14-03-2018, 21:39, посмотрело: 63

1 В Екиашинской средней школе прошла акция на тему "скажи ДА Жизни !" в рамках республиканско информационной компании по теме "Жизнь прекрасна!". С10 февраля по10 марта были проведены мероприятия с девизом «Нет опасности» . 10 февраля классные руководители были ознакомлены с письмом и соответственно с указанием письма был составлен план, цели основные идеи.
Выполнение данной работы было указано в приказе и составлен месячный план.
Цель: обратить внимание общества на вред информации на здоровье ребенка , на защиту от отрицательного воздействияй.
Ожидаемый результат: учащиеся, понимая понятия жизни, умеют анализировать ситуации, возникающие в повседневной жизни , могут принять решения, а также развить сотрудничество в вопросах защиты детей от отрицательного воздействия средств массовой информации, использовать возможности социальных сетей и интернет.
В ходе акции и пропаганды агитации проведенной в школе, наносящих ущерб здоровью ребенка, его защиту от негативного воздействия информации, с целью привлечения внимания общества, по плану, в школах мероприятия, были проведены согласно плану родительские собрания, тренинги, профилактическая работа, выставки рисунков. В ходе акции для учащихся 5-11 классов и родителей было проведено собрание на тему «Нанесение вреда игр из интернета».

22 февраля 2018 года был проведён флеш-моб конкурс среди учащихся 6-10 классов на тему «Жизнь прекрасна».
Учащиеся провели этот конкурс с девизом «Мы против интернета».
Среди 5-10 классов был проведён конкурс на лучшую стенгазету на темы «Жизнь, ты мне дорога!», «Наш дружный класс», «Моя Родина». С учениками школы были проведены тренинг-уроки на темы «Будущее в твоих руах», «Здоровый образ жизни», «Как достичь поставленной цели». Также были проведены открытые уроки на темы «Жизнь, ты мне дорога!», «Этика-моральное начало». Среди учащихся провели крнкурс на лучшее сочинение на тему «Я и моя семья».

Завуч по воспитательной части, педагоги-психологи, социальный педагог провели дебат среди 5-11 классов, где учащиеся высказали свои мнения об интернете, о вреде интернета на здоровье ребёнка.
По проведённой акции на тему «Скажи Да жизни», был проведён опрос среди родителей. Родителям были даны советы педагогом-психологом А.Сабикеневой по использованию интернета, о наносящей вреде интернета на здоровье детей, как организовать досуг ребёнка. Родители высказали своё мнение по поводу акции и сказали что эта тема «Скажи Да жизни» должна быть девизом каждого человека.

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

«Өмірге ия деп айт!» республикалық ақпараттық акциясының іс-шаралары туралы мәлімет

Автор: admin от 14-03-2018, 21:38, посмотрело: 66

1 Екіаша орта мектебі КММ



«Өмірге ия деп айт!»
республикалық ақпараттық
акциясының іс-шаралары туралы мәлімет






Психолог: А.Сабикенова


2017-2018оқу жы
Екіаша орта мектебінде «Өмірге ия деп айт ! » республикалық ақпараттық акциясы атты хабарлама аясында науқан бойынша «Өмір тамаша!» Босқа қауіпке жол берме ұранымен өткізілетін айлық жұмыс жасалып 10ақпан-10 наурыз аралығында төмендегідей іс- шаралар өткізілді. Екіаша орта мектебінде осы жоспар барысын таныстыру мақсатында 10 ақпан сынып жетекшілерге ауданнан келген хатпен таныстырылып, арнайы жоспар барысы, мақсаты, негігі идеясы түсіндірілді. Осы іс-шара жұмысын өткізу, ұйымдастыру жұмыстарына бұйрық шығарылды. Бұйрықтың орындалуы бойынша арнайы айлық жоспар жасалды.
Мақсаты: баланы оның денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың, насихатпен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға қоғамның назарын аудару болып табылады.
Күтілетін нәтиже: оқушылар өмір ұғымын түсіне отырып, өмірде кездесетін жағдайларды саралап , қабылдай біледі, сонымен қатар бұқаралық ақпараттық құралдарының балаға әлеуметтік желілерден елетін зиянды ақпараттардың теріс ықпалынан қорғау мәселелерінде ынтымақтастықты дамытуға себеп болады, оқушылар өздері пайдаланып жүрген әлеуметтік және интернет желілерді пайдалануы бойынша зияны мен мүмкіндіктерін де танып біледі, жалпы өздерінде бар түсініктерін толықтыруға мүмкіндіктер алады.
Мектебімізде өткізілген Республикалық науқан барысында, баланың оның денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға қоғамның назарын аудару мақсатында мектептерде арнайы берілген жоспар бойынша іс – шаралар ұйымдастырылып, жоспарға сәйкес ата – аналар жиналысы, тренингтер, профилактикалық алдын – алу жұмыстары, сурет көрмелері атқарылды. Науқан барысында 5-11 сынып оқушыларының ата-аналарына «Әлеуметтік желінің, интернет ойындарының балаға зиян тараптары» түсіндіріліп, жиналыстар ұйымдастырылды.

2018 жылдың 22 ақпан күні 6-10 сынып оқушылары арасында «Өмір тамаша! Босқа қауіпке жол берме!» флеш-моб байқауы ұйымдастырылды.




Жасөспірімдердің интернеттегі әлеуметтік желінің зиянын түсіндіре отырып жасөспірімдер арасында «Біз ғаламторға қарсымыз», «Қауіпсіз интернет» сурет байқауы өткізіліп жатқандығын түсіндіре келе ата-аналарға «Ата-аналар үшін жадынама» таратылды.


5-10 сынып оқушылары арасында олардың өмір, отан, сынып ұйымшылдығы сияқты құндылықтарын арттыру мақсатында «Өмір қымбатсың маған!», «Отаным – бақыт мекені!», «Біздің сынып ұйымшыл!» тақырыптарында қабырға газеттерін шығару байқауы, «Салауаттылық – өмір салты!», «Болашағың өз қолыңда!», «Жетістікке жетудің қыры мен сыры!» тақырыбында мектеп оқушыларына тренинг сабақтар, «Өз өмірім – өзіме құнды!» ерекше назарды қажет ететін оқушыларға арналған тренинг сабақтар, «Өмір қымбатсың маған!» тақырыбында ашық сабақтар, «Кең пейілділік пен жомарттық» тақырыбында ашық сабақтар, «Әдептілік – адамгершілік бастауы» тақырыбында ашық сабақ, «Мен және менің отбасым!» тақырыбына шығарма жазу байқауы, сонымен қатар мектептің тәрбие ісі орынбасары, әлеуметтік педагогтар мен педагог-психологтар 5-11 сынып оқушыларына қазіргі кездегі әлеуметтік желі мен интернет ойындарының адам өміріне тигізетін әсері туралы пікірталас жүргізіп, олардың келтіріп жатқан зиянды жақтары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Осыған орай мектебімізде өткізілген «Өмірге иә деп айт» науқаннан ата – аналар, оқушылар жақсы деңгейде әсер алып, балаларына ненің зиян екендігі, қалай көмек беруге болатындығы туралы қосымша кеңестер алды. «Еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін тәрбиелі ұрпақтың орны мүлде бөлек»-деп ел басымыз айтқандай біздің жарқын болашағымыз осы жастардың қолында.Оқушыларға достық қарым-қатынасты бағалау,бір-біріне мейірімді болу. Әрдайым сынып жетекшісімен және ата-аналарының кеңестеріне құлақ салу,бір-біріне түсіністікпен қарау керек екендігі туралы науқан барысында мектеп педагог – психологы А.Сабикенова, сынып жетекшілері, мен мұғалімдері түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бала қызығушылығына қолдау көрсетуде ата-анаға сынып жетекшілері, орынды кеңес бере білудің маңызы зор екендігін жете түсінді. Мектеп мұғалімдері мен ата – аналар, оқушылар өз ойларын салауатты өмір салтын ұстану – әр азаматтың басты парызы мен міндеті «Өмірге әрдайым ИӘ деп айт!» деген сөзбен ойларын түйіндеді.





Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

Екіаша орта мектебінде 11 сынып оқушыларымен «Мамандық таңдау –келешекті таңдау» атты дөңгелек үстел

Автор: admin от 14-03-2018, 21:36, посмотрело: 63

1 2.02.2018 Екіаша орта мектебінде 11 сынып оқушыларымен «Мамандық таңдау –келешекті таңдау» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты оқушыларға мамандық таңдау кезеңінде оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешуіне ықпал ету. Іс -шара барысындағы ақыл –кеңес балаларымызға үлкен ой салып, болашақта қалаған мамандықтарын қателеспей табуына көп түрткі болады ғой деген ойдамыз.
2 февраля 2018 года в Екиашинской СШ был проведен круглый стол «Выбор профессии-выбор будущего». Целью данного мероприятия было дать правильное направления, каждому возможность сделать правильный шаг в выборе профессии. Мы надеемся что данные консультации помогут не ошибиться в своем выборе.

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

Екіаша орта мектебі бойынша «Астана-Еуразия жүрегі» атты тақырыпта атқарылған іс-шара туралы ақпарат

Автор: admin от 14-03-2018, 21:33, посмотрело: 49

0 Екіаша орта мектебі бойынша «Астана-Еуразия жүрегі» атты тақырыпта атқарылған іс-шара туралы ақпарат
13 ақпан күні «Астананың өсуі-Қазақстанның өркендеуі» атты тақырыпта біліктілік сағаты өтті.
Сонымен қатар 13 ақпан күні «Жаса, жайна ару қалам-Астанам» атты тақырыпта 8-10 сыныптар арасында слайд-шоу байқауы өтті. Байқау нәтижесі бойынша І орын 8 «А», 8 «Б», ІІ орын 9 «А», ІІІ орын 10 «А» сыныптары иеленіп, марапатпен марапатталды.
19-23 ақпан аралығында «Астана-Еуразия жүрегі» өлкетану экспедициясы атты тақырыпта іс-шара жоспары жасалынып, жоспар бойынша іс-шаралар өтті. Іс-шара барысында география пәні мұғалімі З.Баликенова «Астана-Еуразия жүрегі» атты тақырыпта 8 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізді. 9-11 сынып оқушылар арасында тарих пәнінің мұғалімі К.Жаксылыкова саяхат сабақ өткізді.
Тарих пәнінің мұғалімдері Ч.Каирбеков және Б.Нусупов «Қазақстанның астанасы- Астана» атты тақырыпта ашық сабақтар өткізді. Ашық сынып сағатта Астана қаласының экономикасымен, көрнекті жерлерімен таныстырылды.

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

Екіаша орта мектебі Астана қаласының 20 жылдығына арналған іс-шара туралы мәлімет

Автор: admin от 5-02-2018, 22:48, посмотрело: 206

0
Екіаша орта мектебі
Астана қаласының 20 жылдығына арналған іс-шара туралы мәлімет


Қосымша
№ Іс-шара Өткізу күні/ Орындау мерзімі Орындалуы туралы ақпарат
1 2017 жылда мектеп оқушыларының футболдан «Былғары доп» турнирі 1-7 қараша 1-7 қараша аралығында мектеп оқушылары арасында футболдан «Былғары доп» турнирі ұйымдастырылып өтікізілді.
2 Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға «Мейірім» акциясы 11-22 желтоқсан 11-20 желтоқсан аралығында ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға «Мейірім» акциясы өтті. Акция барысында оқушыларға көмек көрсетілді.
3 Оқушылар арасында «Астананың 20 жылдығына -20 кітап» тақырыбында көркем әдебиеттер оқу Жыл бойы Оқушылар арасында «Астананың 20 жылдығына -20 кітап» тақырыбында көркем әдебиеттер оқудан байқау ұйымдастырылуда. Нәтижесі оқу жылының аяғында анықталады.
4 «Менің сүйікті ару қалам-Астанам» тақырыбында сурет байқауы 12 қаңтар 12 қаңтар күні «Менің сүйікті ару қалам-Астанам» тақырыбында сурет байқауы өтті. Байқау нәтижесінде Төмендегі оқушалар марапатталды: Ришатов Радмир, Қасен Олжас, Тұрсынбай Еркебұлан, Мухаметжан Бауыржан, Төлеуғазиева Айша, Пузанева Алина, Абеуталып Роза, Абуталип Гүлім, Сулеймен Дана, Ақметқазы Меруерт, Оралбек Камшат, Тертюбаева Мадина, Еспол Айнас, Жетпісхан Нұрила, Қасымбаева Айгерім
5 «Астана-ел мақтанышы» тақырыптарында кітапханада кітап көрмесі Жыл бойы Мектеп кітапханасында «Астана-ел мақтанышы» тақырыптарында кітап көрмесі қойылды.

Приложение
№ Мероприятие Дата проведения/
Срок исполнения Информация об исполнении
1 Турнир по футболу между учениками «Кожаный мяч!» 1-7 ноябрь с 1по 7 ноября был проведен турнир по футболу между учениками
2 Акция «Мейірім» для детей оставшихся без попечения родителей 11-22 декабрь 11-20 декабря прошла акция «Мейірім»для детей оставшихся без попечения родителей. в ходе акции была оказана помощь этим детям.
3 Конкурс по чтению художественной литературы среди учеников под заголовкам «20 лет Астаны-20 книг» весь год Среди учеников школы организовал конкурс по чтению художественной литературы «20 лет Астаны -20 книг». Итоги будут подведены в конце учебного года
4 Конкурс рисунков «Мой любимый город -Астана» 12 январь 12 января был проведен конкурс рисунков «Мой любимый город-Астана». По итогам конкурса были награждены следующие ученики:
Ришатов Радмир, Қасен Олжас, Тұрсынбай Еркебұлан, Мухаметжан Бауыржан, Төлеуғазиева Айша, Пузанева Алина, Абеуталып Роза, Абуталип Гүлім, Сулеймен Дана, Ақметқазы Меруерт, Оралбек Камшат, Тертюбаева Мадина, Еспол Айнас, Жетпісхан Нұрила, Қасымбаева Айгерім
5 Выставка книг в библиотеке «Астана-гордость нации» весь год В школьной библиотеке была организована выставка книг «Астана-гордость нации»

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

Екіаша орта мектебі 9 желтоқсан –Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне өткізілген іс-шараларға ақпарат

Автор: admin от 5-02-2018, 22:47, посмотрело: 76

0 Екіаша орта мектебі 9 желтоқсан –Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне өткізілген іс-шараларға
ақпарат

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13 қадамын орындау мақсатында тоғызыншы желтоқсан –Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, мектебімізде түрлі іс-шара жоспары жасалып, жоспар бойынша іс-шаралар өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ең бастысы отбасынан, әр адамның санасынан бастағаны абзал.
«Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ парызымыз» тақырыбында шеру ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Адал ұрпақ» мектепішілік клуб мүшелері әдеби монтаж өткізді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес көптің ісі» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өтті.

 

«Қызметтік этика-сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті

қалыптастырудың басым шарты» тақырыбы бойынша ұстаздар арасында семинар-тренинг өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында оқушылар арасында эссе (шығарма) жазу байқауы ұйымдастырылып, өтті. Нәтижесінде 5-7 сынып оқушылар арасынан І орын Сағымбек Аяулым, ІІ орын Уралбек Камила, ІІІ орын Адилбекова Қарақат және Беймұхамбет Елдос. 8-10 сыныптар арасынан І орын Молдағазиева Зере, ІІ орын Долданбек Аружан,ІІІ орын Тасыбек Гүлзат жеңімпаз болып, марапатталды.

5-10 сыныптар арасында «Қоғамдағы жат көріністер», 1-4 сыныптар арасында «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыпта сурет байқауы ұйымдастырылып жеңімпаздар анықталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


5-10 сыныптар арасынан І орын Ергембай Данияр, Ахметқазы Камшат, Молдағазиева Амина, ІІ орын Серікбайқызы Жұлдыз, Жетпісхан Нұрила, Абуталип Жансая, ІІІ орын Ахметқазы Меруерт, Уралбек Камила, Қызыров Дияр. 1-4 сыныптар арасынан І орын Қанат Нұрай, Даулетжан Айдана, ІІ орын Дулатқызы Ақмарал, Ақыбай Нұрбол, ІІІ орын Тұрсынбай Дина, Ахметқазы Назерке, Дюсенбек Нұрай марапатталды.

Сонымен қатар волейбол, шахмат, дойбыдан жарыстар ұйымдастырылып өткізілді.

 



Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

Ауылым - алтын бесігім

Автор: admin от 10-11-2017, 23:22, посмотрело: 153

0 Ауылым - алтын бесігім
Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру » мақаласының «Туған жер» атты бағдарламасын іске асыру мақсатында Екіаша ауылдық округінде 19 қазан күні мәдениет үйінде ауыл күніне арналған іс- шарасы ұйымдастырылды.Шараның өтуіне ауыл әкімдігі,мектеп ұжымы,балабақша ұжымы,Жоңғар Алатауы табиғи ұлттық паркі қызметкерлері,аурухана, Тополевка орта мектебі ,мәдениет үйі қызметкерлері жұмыла атсалысты.
Іс- шараны Екіаша ауылдың округі әкімі Естеуов М.К. құттықтау сөзімен ашып, шуақты да мерейлі бұл күннің берері мол екенін атап өтті.Бұл айтулы күнге әр мекеме ұжымы тыңғылықты дайындықпен келгендерін байқатты.Мектеп ұжымы ауыл мен мектеп тарихынан сыр шертер «Ел таныған тұлғалар» атты ауылымыздан түлеп ұшқан қоғам қайраткерлері, актер,балуан,ақын,дизайнер т.б маман иелері туралы көрме ұйымдастырды.Киіз үй тігіліп қазақ және орыс ұлттарының тұрмысы мен тіршілігінен көріністер, ұлттық дастарқан мәзірі жайылып, жиналған қауым ауызтиісті.Балабақша ұжымы да жас бүлдіршіндерді тәрбиелеудегі атқарып жатқан жұмыстарының жемісті тұстарын бейнелейтін, көз тартар көрмелерімен көпшіліктің көңілінен шықты. Жоңғар Алатауы табиғи ұлттық паркі қызметкерлері сан алуан Екіаша жерінің табиғатын сомдайтын көрмесімен көрерменді баулыса, ауылдық аурухана ұжымы ауылымызды құнарлы топырағынан өсіп шыққан бақша өнімдерінің түр- түрін көрмеге қойды.Ауылдық округке қарайтын Тополевка орта мектебі ұжымы да осы мерекеден тыс қалмай, орыс халқының ұлттық дастарқаны мен тұрмыстық заттарын көрсетті.Іс –шара барысы алтын бесік- ауылдың қадірін асқақтатқан әсем әнге, күмбірлеген күміс күйге толы концерттік бағдарламаға ұласты.Аудандық,ауылдық мәдениет үйі,мектеп,балабақша қызметкерлерінің әуелете салған әндері мен мектеп оқушыларының мың бұралған билері мерекенің сәнін одан әрі аша түскендей болды.Рухани құндылықты жас ұрпақтың бойына сіңіруде ұлттық салт- дәстүрлеріміздің берері мол.Осы орайда , мектеп ұжымы «Қоныс той» дәстүрінен көрініс көрсетсе, ауылдық әжелер алқасының төрайымы Исаева Н.Д.ұйымдастыруымен аяғын енді ғана тәй- тәй басқан Нұрсайындай сәбидің тұсауын кесіп «Тұсау кесер» рәсімін халыққа паш етті.Танымы мен тағылымы мол іс- шараның өтуіне мұрындық болған ауылдық әкімшілік,мекеме –ұжым басшыларына,бір кісідей ат салысқан мектеп пен балабақша , аурухана, Жоңғар Алатауы табиғи ұлттық паркі қызметкерлері ұжымына, мәдениет үйі қызметкерлеріне айтар алғысым шексіз.Ауылдың өсуі мен өркендеуіне қосқан еңбектеріңіз жемісті болсын!











Категория: Мерекелік іс-шаралар

 
Назад Вперед