Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Ата-аналарға жадынама

Автор: admin от 8-02-2018, 20:54, посмотрело: 110

3 Сіздің балаңыз бірінші сыныпқа қуанышпен бару үшін, мектепке дайын болып, кейбір кепілдемелерді тыңдағандарыңыз жөн:
- Балаңыздан көп талап етпеңіз.
- Бала қателік жасауға құқығы бар, себебі әр адам қателеседі.
- Балаңыздың өзін бағалауы тым жоғары болмағанын қадағалаңыз.
- Балаңызда қателіктер мен кемшіліктер байқасаңыз, арнайы мамандардан көмек сұрауға қорықпаңыз: логопед, психолог, т.б.
- Оқу демалыспен ұштасып, ұласу керек.
- Балаңыздың күн тәртібін қадағалап отырыңыз, бала белгілі бір уақытта оянып, ұйықтауы керек.
- Ас қабылдауы сәйкес болуы керек.
- Балаңыз әр жағдайға қалай жауап бергенін байқап отырыңыз.
- Үй жұмысын орындауға түгел жағдай жасаңыз.
- Балаңыз үй жұмысын аяқталмай, шаршаса, балаға біраз уақыт демалуға руқсат етіп, демалғаннан соң қайта сол үй жұмысына қайтыңыз.
- Бала үй жұмысын орындаудан бас тартса, оны қызықтырып, бір айласын табыңыз.
- Балаңызға жайлы оқу орнын жасаңыз.
- Балаңызға өзіңіздің қалай оқып, қалай бірінші сыныпқа барғаныңызды айтып беріңіз.
- Мектепке деген козқарасын дұрыс жасаңыз.
- Балаңыз «сиқырлы сөздерді» қолдана ма, соны байқаңыз: рақмет, кешіріңіз, сау болыңыз, сәлеметсіз бе т.б.

Категория: Ата-аналарға

 

Ата-аналарға жадынама

Автор: admin от 8-02-2018, 20:52, посмотрело: 114

2 Ата-аналарға жадынама

- Баланың оқушы болуға ұмтылысын қолдаңыз. Оның мектептегі істеріне сіздің шынайы жетістіктері мен қиындықтарына шынайы қарым- қатынасыңыз жаңа орны мен іс-әрекетінің маңыздылығын түсінуіне көмектеседі.
- Баламен балаңыз мектепке оқу үшін келеді. Баланың қателік жасауға құқы бар.
- Бірінші сынып оқушысымен бірге күн тәртібін жасаңыз, оны орындауын қадағалаңыз.
- Оқу машықтарын меңгерудің бастапқы кезеңінде байқалатын кемшіліктерді елеусіз қалдырмаңыз. Балада, мысалы, тіл кемістігі болса, оқудың бірінші жылында қолға алыңыз.
- Бірінші сынып оқушысының жұмысында міндетті түрде мадақтауға болатын нәрсені іздеңіз. Есіңізде болсын, мадақтау мен эмоциялы қолдау («керемет», «сен өте жақсы орындадың») адамның ақыл-ой жетістігін көтереді.
- Егер сізді баланың жүріс-тұрысында, оқу істеріне бір нәрселер алаңдататын болса, мұғаліммен немесе мектеп психологінен ақыл-кеңес сұрауға ұялмаңыз.
- Мектепке келгеннен кейін балаңыздың өмірінде сізден гөрі беделді адам пайда болады. Бұл-мұғалім. Бірінші сынып оқушысының өз мұғалімі туралы пікірін сыйлаңыз.
- Оқу оңай емес, жауапкершілікті еңбек. Мектепке келу бала өмірін өзгертеді, бірақ оны ойыннан бөлмеу қажет. Ойын жаттығуына керекті уақыт қалуы керек.

Ата-аналарға арналған жадынама.

1. Балаңыздың окуына, тәртібін , баланың белсенділігінің артуына тек мектеп тәрбиесі мен окуының арқасында қол жеткізуге болатынын түсініңіз.

2. Міндетті түрде ата-аналар жиналысынан қалмай, баланың сабағының үлгерімін қадағалаңыз.

3. Балаңыздың күнделікті оқуындағы табысымен ой бөлісіңіз, бүгін қандай жаңа үғым алды ,үйренді, нені үйренді, т.б. Тек қандай баға алғанымен қанағаттанбаңыз.

4. Балаңын күнделікті үй тапсырмасын орындауын қадағалаңыз, егер бала қиналатын болса комектесіңіз, қерісінше өзіңіз орындап беруге үйретіңіз.

5. Баланы тек үй тапсырмасының жүмысымен қалдырмай, ой-орісінің өсуіне қосымша жаналықтар қамтып, білімін жетілдіріңіз.

6. Баланыздың сыныптың және сыныптан тыс жұмыстарға қатысуын қадағалаңыз, көмек көрсетіңіз.

7. Мүмкіндігінше, баланың айтқан әңгімесіне,өзі жайлы, мектебі туралы, достары туралы т.б. ойымен бөлісіп, баланың көзқарасымен қарауға тырысыңыз.

8. Өз мүмкіндігіңізге байланысты мектеп пән мүғаліміңізге көмеккөрсетүді ойлаңыз. Ол сіздің балаңызды тәрбиелеудегі онеріңіздің жоғарылығын көрсетеді.

Категория: Ата-аналарға

 

Ата-аналар жиналысының хаттамасы

Автор: admin от 5-02-2018, 04:53, посмотрело: 191

0 Ата-аналар жиналысының хаттамасы
№1
Жиналыстың өткізілу уақыты:
Жиналысқа қатысуға тиісті ата- аналар саны: 180 ата-ана
Қатысқандар саны: 153
Қатыспағандар саны: 27
Себептісі: 27

Күн тәртібінде:

1. Ата-аналар кеңесін сайлау және оның жұмысын жоспарлау
2. Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі
3. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысы
4. Мектепке жол акциясы.Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету
5. Мектеп кітапханашысының жаңа оқу жылында оқушылардың оқулықпен қамтамасыз етілуі
6. Мектеп медбикелерінің жаңа оқу жылындағы балалардың жалпы денсаулығы жайлы мәліметі
7. Жаңартылған білім беру мазмұны
8. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылуы
9. Мектеп ережесі, мектеп формасы жайлы
Бүгінгі күн тәртібінде бірінші қарастыратын мәселе бойынша ата-аналар кеңесін сайлау және оның жұмысын жоспарлау
Тыңдалды: ата-аналар кеңесінің құрамын сайлау.Ата-аналар комитетінің төрайымы Ж.Хусаинова
Сөйледі: Ата-аналар кеңесінің төрайымы Ж.Хусаинова өз сөзінде өткен оқу жылында мектеппен тығыз байланыста болып, белсене араласқан ата-аналарға алғысын білдіріп, жаңа оқу жылына ата-аналар кеңесінің құрамын сайлау керектігін айтты
Ата-аналар тарапынан бір ауыздан төмендегі ата-аналарды ұсынды.
Ата-аналар комитетінің төрайымы: Хусаинова Жайна
Мүшелері:
1. Тойчибекова Гүлім
2. Калкеева Сара
3. Калимолдинова Гульнар
4. Есполова Айгуль
5. Бобаматова Зазира
6. Ержанова Жазира
Тыңдалды: «Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі» Б.Шалова
Сөйледі: Б.Шалова Ата-ананың бала тәрбиесіндегі
Тыңдалды: Мектептегі оқу-тәрбие жұмысы А.Ибраева
Сөйледі: А. Ибраева



Тыңдалды: Мектепке жол акциясы Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету Б.Шалова
Сөйледі: Б.Шалова


Тыңдалды: Мектеп кітапханашысының жаңа оқу жылында оқушылардың оқулықпен қамтамасыз етілуі
Сөйледі: Қ.Қадырбаева

1. Тыңдалды: Мектеп медбикелерінің жаңа оқу жылындағы балалардың жалпы денсаулығы жайлы мәліметі оқушылардың жаңа өмірге араласуы туралы болып отыр. Балалар бастауыш сыныптан орта буынға ауысқанда көптеген өзегрістерге, жаңа мұғалімдер мен әр түрлі жаңа пәндерге кездеседі. Осы жаңа пәндер мен мұғалімдерге үйренісіп, сіңісіп керуге біраз уақыт кететіні белгілі және де біздің көмегіміз үлкен рөл атқарады. Біздер яғни, мұғалімдер мен ата- аналар оқушылардың орта буында кездесетін қиындықтарына біріге көмектесуіміз қажет деп ойлаймын. Екінші қаралатын мәселе әр түрлі мәселелер оларға; балалардың сапа деңгейі, тәртіптері және алдағы келе жатқан 1-ші , 16-желтоқсандағы және «жаңа жылға» арналған шаралар, т.б.

1. Баяндама «Оқушының өмірге араласудағы рөлі»
2. Ағымдағы мәселлер мен І тоқсан қорыиындысын қарастыру.

Сынып жетекшісі: Башіғұлова Малика
Бүгінгі күн тәртібінде бірінші қарастыратын мәселеміз оқушылардың жаңа өмірге араласуы туралы болып отыр. Балалар бастауыш сыныптан орта буынға ауысқанда көптеген өзегрістерге, жаңа мұғалімдер мен әр түрлі жаңа пәндерге кездеседі. Осы жаңа пәндер мен мұғалімдерге үйренісіп, сіңісіп керуге біраз уақыт кететіні белгілі және де біздің көмегіміз үлкен рөл атқарады. Біздер яғни, мұғалімдер мен ата- аналар оқушылардың орта буында кездесетін қиындықтарына біріге көмектесуіміз қажет деп ойлаймын. Екінші қаралатын мәселе әр түрлі мәселелер оларға; балалардың сапа деңгейі, тәртіптері және алдағы келе жатқан 1-ші , 16-желтоқсандағы және «жаңа жылға» арналған шаралар, т.б.

Ата- ана пікірлері:

Есемуратова Ақжайық: Балаларға орта буынға ауысуы олардың өміріне түбегейлі сапалы өзгерістер енгізеді. Алаңсыз бастауыш сыныпта жүруі аяқталып, олардың өмірлеріне жаңа оқу түрлері енеді. Оқу міндетті болғандықтан оларды осы ортаға баулып, сіз болып,біз болып балаларға көмектесуді қолға алайық.

Муханова Нұрия: Мектеп балаларымызға білім беретін басты нысан. Осы мектептен бар білім мен тәрбие алады. Бүгінгі қаралған мәселелерге келісемін және баламның орта буынға үйренісіп, жақсы нәтежие көрсетіне өзімізде үйден ат салысамыз.

Бекджанова Ақмарал: Бүгінгі ата-аналармен бірге қаралған мәселелерге толықтай қосыламыз. Баламыздың басұа ортаға келіп, басқа ортамен араласып жатқанын және аздаған қиыншылық болып жүргенін қызымның сабақ үлгерімінен де байқадым. Осы ортаға жай –жайдан сіңісіп жатыр және толықтай үйренісіп кететініне сенемін.


Қаулы:
1. «Оқушының өмірге араласудағы рөлі» атты баяндама тыңдалды
2. Оқушылардың сабаққа үнемі дайын, сабақтан қалмай қатысуы – ата-анаға жүктелсін.
3. Мектептегі білім сапасы мен тәртібін қадағалау сынып жетекшісі Башіғұлова Маликаға міндеттелсін.


Ата- ана төреайымы: Жарылғсова Н
Хатшы: Башіғұлова М

Категория: Ата-аналарға

 

Ата-аналар жиналысының хаттамасы

Автор: admin от 5-02-2018, 04:52, посмотрело: 414

1 Ата-аналар жиналысының хаттамасы[center][/center]
Жиналыстың өткізілу уақыты:
Жиналысқа қатысуға тиісті ата- аналар саны: 180 ата-ана
Қатысқандар саны: 170
Қатыспағандар саны: 10
Себептісі: 10
№2
Күн тәртібінде:
1. І тоқсан қорытындысы- Раушан Ниязбековна
2. Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы – Санат Қызырұлы
3. Дарынды оқушылармен жұмыс барысы- Асель Ертулевна
4. Діни экстремизмнің қалыптасуы және алдын алу шаралары. Терроризмнің қоғамға қатері–Балжан Богембаевна
5. Суицид жағдайының алдын алу.
«Отбасындағы жанжал мен орынсыз дау-дамайлар бала психикасына әсер етеді» ата-аналарға кеңес - Айтолқын Жулдузқызы
6. Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу жұмысы – Санат Қызырұлы
7. Жалпы балалардың тіл мүкістігі неден болады –Айжан Батырбековна
8. Әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушылармен жұмыс – Асель Ташигалиевна
9. ҚР мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің болдырмауын және алдын алу қамтамасыз ету – Балжан Богембаевна
10.Сіздің өз балаңыздың мектебімен байланысыңыз қандай? сауалнама алу
Бірінші мәселе бойынша
Тыңдалды: І тоқсан қорытындысы Р.Ниязбековна
Сөйледі: Р.Ниязбековна
І тоқсан қорытындысы бойынша мектептің білім сапасы 55,7 пайыз құрады. 1-4 сыныптар арасында -68,8 пайыз
5-9 сыныптар -49,5
10-11 сыныптар арасында 65. Жалпы білім сапасын көтеру барысында білім алушыларды оқу әрекетінің нәтижелі болуын ұйымдастыру

Тыңдалды: Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы Санат Қызырұлы
Сөйледі: Санат Қызырұлы
Жалпы мектеп бойынша ыстық тамақпен ЖБМББ қорынан 84 оқушы тамақтанады. Балалардың әр күн сайын тамақтануына ас мәзірі жасалынып СЭСпен бекітілген. Күнделікті мектеп медбикелері және комиссия мүшелері тамақтың сапасын тексеріп тұрады. Тамақтануға екі үзіліске кесте жасалған. Ай сайын есептен шығару актісі жасалып тұрады. Аспазшылардың бәрі де медициналық тексерістен өткен, рұқсаты бар.

Тыңдалды: Дарынды оқушылармен жұмыс барысы Асель Ертулевна
Сөйледі: Асель Ертулевна
Мектепте биылғы оқу жылында дарынды оқушылармен жұмыс жоспары жасалынып жоспар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Биылғы оқу жылында мектепішілік пән олимпиадасына оқушылар қатысып 43 оқушы аудандық олимпиадаға жолдама алды. Аудандық Дарын 9 оқушы қатысып, барлығы да орынға ие болды. Республикалық математикалық турнирге екі оқушы қатысып, жүлделі ІІІ орын медалімен марапатталды. Алдағы уақытта КҒА, «Зердеге» оқушылар қатысады.
Тыңдалды: Діни экстремизмнің қалыптасуы және алдын алу шаралары. Терроризмнің қоғамға қатері–Балжан Богембаевна
Сөйледі: Балжан Богембаевна
Діни эстремизм Ислам құндылықтарын сақтау жолында үндеу тастаған өздерінің пікірлестерін діни принциптерді бұзушылар деген айыптаулармен кінәлайды. Діни саяси экстремизм болса, әртүрлі діни пікірлерге негізделгеніне қарамай, олардың іс-әрекеттері Қылмыстық істер кодексінің баптарына сәйкес келеді. Діни эсктремизмнің пайда болуына алып келетін факторлар:-халықтың тұрмыс деңгейінің төмен болуы
-халықтың діни сауатсыздығы
-жұмыссыздық деңгейінің өсуі
Мектепте діни экстремизмнің алдын алу жоспары құрылып, жоспар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Терроризмнің құралы ретінде қарсы жауға арналған психологиялық артықшылық болып табылады. Адамның немесе үлкен адамдар тобының мінез-құлқын өзгерту үшін оларды өлтіріп, жарақаттау міндетті емес, тек олардың саналарының құрылымы мен күйін өзгерту керек. Осы мақсатқа сүйене отырып, мектепте терроризмнің алдын алуға байланысты жоспар құрылды. Жоспар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оқушыларымыз айтар ойын ақылмен түйіндеп, тілімізді асыл қасиеттерімізді сақтай білуге, арандатушы теріс ағымдардан аулақ болуға бар күшін жігерлерін білімге, мәдениетке салып, тура жолға ұмтылады деген сенімдеміз.
Тыңдалды: Суицид жағдайының алдын алу.
«Отбасындағы жанжал мен орынсыз дау-дамайлар бала психикасына әсер етеді» ата-аналарға кеңес - Айтолқын Жулдузқызы
Сөйледі: Айтолқын Жулдузқызы
Бүгінгі таңда бүкіл әлемді елеңдетіп, қоғам дертіне айналып отырған суицид мәселесі, қоғамда болып жатқан өзгерістер мен сан түрлі қиындықтар бала психологиясына кері әсер етуде. Суицид алдын алу және болдырмау жұмыстары келесі бағыттарда жүзеге асады:
1. Диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу
2. Сауалнама бойынша сынып жетекшілермен, дәрігер мамандармен өзара әрекеттесу, мектептегі барлық оқушыларды өмірлік құндылықтарды үгіттейтін тәрбиелік жұмыстарға қатыстыру
3. Алдын алу ретінде сынып жетекшілермен бірге тәрбиелік іс-шараларды өткізу. Оқушылардың көңіл-күйдегі психологиялық өзгерістері үнемі бақыланып, көмек көрсетіліп отырады.
Тыңдалды: Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу жұмысы – Санат Қызырұлы
Сөйледі:Санат Қызырұлы Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу
Полиция жас көмекшісі тобы құрылған Ол 9,10 сынып оқушылармен құрылған. Кешкі уақытта ауыл көшелерін рейд жасауға кесте жасалған. Рейдке ювиналдық полиция қызметкері мектеп мұғалімдері және ата-аналар шығып тұрады. Балаларға кешкі сағат 21.00. кейін көшеде жүруге тиым салынады.
Тыңдалды: Жалпы балалардың тіл мүкістігі неден болады –Айжан Батырбековна
Сөйледі: Айжан Батырбековна
Қазіргі уақытта статистикалық көрсеткіштерге сүйенсек. Жылдан жылға сөйлеу тіл кемістігі бар балалар саны және логопедиялық көмекті қажет ететін балалардың пайызы өсуде. Тіл кемістіктерінің өзі оларды туғызатын себептерге байланысты 2 топқа бөлуге болады. Табиғи тіл кемістіктері, функционалды тіл кемістіктер. Мен айтып отырған себептердің барлығы десек функционалдық кемшіліктер. Біз логопед-мұғалімдер ықпал жасаушылармыз. Күрделі тіл кемістіктерін түзету үшін арнайы мамандардың кешенді көмегі қажет. Сол үшін баланы жан-жақты, толық тексеру керек.
Тыңдалды: Әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушылармен жұмыс – Асель Ташигалиевна
Сөйледі: Асель Ташигалиевна
Әлеуметтік педагог мектепте төмендегідей негізгі бағыттарда жұмыс жасайды
1.Диагностикалық қызмет;
2.Өз қызметі шеңберінде көмекті қажет ететін балаларды әлеуметтік қорғау;
3.Кәмелетке толмағандардың, ата-аналардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыру;
4.«Тәуекел топтағы» оқушылармен жұмыс;
5. Сынып жетекшілері, медициналық қызметкерлер, ата-аналар комитетімен, пән мұғалімдерімен т.б. қарым-қатынасты үйлестіру.

Тыңдалды: ҚР мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің болдырмауын және алдын алу қамтамасыз ету – Балжан Богембаевна
Сөйледі:
Күрделі, тарихи өзгермелі, келеңсіз әлеуметтік құбылыс болып табылатын сыбайлас жемқорлық адамзат өркениеті дамуының ерте кезеңдерінде пайда болғаны мәлім.
Сыбайлас жемқорлық проблемасы барлық елдерде бар, ол әлеуметтік-экономикалық ілгерілеуді баяулатып, тек өзіне тән көріністермен және ауқымымен ерекшеленеді.Сыбайлас жемқорлық іс-әрекетінің әмбебап және бәрін қамтитын анықтамасының жоқтығына қарамастан, оған ең алдымен шенеуніктердің билікті немесе лауазымдық жағдайын жеке пайда алу үшін теріс пайдалануын жатқызады, ал оның неғұрлым таралған түрлері ретінде әдетте шенеуніктерді сатып алу, қызметтік өкілеттіктерін пайдакүнемдік мақсаттарда пайдалану болып танылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді шараларын әзірлеудің күрделілігі оның жеке алғанда әрбір мемлекет үшін ерекшеліктеріне және оның өзгермелі сипаттамаларына қарай қиындықтарына да байланысты.
Сыбайлас жемқорлықтың себептерін, жағдайлары мен салдарларын айқындаған кезде жергілікті діл, ұлттық және діни ерекшеліктер, құқықтық мәдениеттің деңгейі сияқты факторлар ескерілуі тиіс.
Сонымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді әрі жүйелі іс-қимылдың басты шарттары билік органдарының қоғамға есеп берушілігі мен оның бақылауында болуы, сот төрелігінің тәуелсіздігі мен әділдігі, баяндауда анық және қолдануда күрделі емес заңдар, мемлекеттің кадр саясатындағы меритократия, мемлекеттік рәсімдердің ашықтығы және қоғамның сыбайлас жемқорлыққа деген төзімсіздігі болып танылады.
Экономиканы жаңғырту және ауқымды әлеуметтік өзгерістер жағдайында Қазақстанда мемлекеттің қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланыстырылған, біздің қоғамның мәдениеті мен этикасын, осы әлеуметтік зұлымдықпен күрестегі халықаралық трендтерді ескеретін біртұтас сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияға деген қажеттілік айқын бола түсуде.Стратегия сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттырудың жаңа тетіктері мен құралдары үшін негіз болады.Тікелей құқық қорғау құрамдасынан басқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатта мемлекеттік басқарудың, мемлекеттік қаражатты бөлудің және пайдаланудың ғылыми негізделген нысандары мен әдістерін таңдау және осының негізінде сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жоюда маңызды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінде негіз қалаушы буын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді, олардың пайда болуына ықпал ететін жағдайлар мен себептерді айқындау және барынша азайту болып табылады.

Тыңдалды: Айтолқын ата-аналар арасында сауалнама алынды.
Шішім:
1. Жалпы білім сапасын көтеру барысында білім алушыларды оқу әрекетінің нәтижелі болуын ұйымдастыру
2. Ыстық тамақпен қамтылған оқушыларды тамақтануын үнемі бақылау
3. Дарынды оқушылармен жұмысты жоспар бойынша жүргізу
4. Діни экстремизмнің, терроризмнің алдын алу шаралары жоспар бойынша жүргізу
5. Құрылған жұмыс жоспарын басшылыққа ала отырып, жұмысты жандандыру
6. Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықты болдырмау жұмыстарын үнемі жүргізу
7. Тіл мүкістігі бар оқушыларды дер кезінде анықтап, жұмыс жүргізу
8. Әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушылармен ұдайы жұмыс жүргізу
9. Сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің болдырмауын және алдын алуын қамтамасыз ету.

Ата- ана төреайымы: Ж.Хусаинова
Хатшы: Г.Тойчибекова

Категория: Ата-аналарға